ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – САЛАУАТТЫЛЫҚ
Астанадан келген өкіл «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын таратып айтып берді. Ұлттық комиссияның осы мәселеге қатысты атқаратын ауқымды істеріне тереңірек тоқталды. Тың бастаманы жүзеге асыру үшін Ұлттық комиссия құрған бес жұмыс тобында отандық және шетелдік сарапшылар жұмыс істейді екен. Бұл орайдағы ең басты екі мақсат ол – елімізді 2050 жылдары әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылуға атсалысу, әрі ынтымақтастық және дамушы елдер ұйымының стандарттарын жүзеге асыру болып табылады.
«100 нақты қадамның» шеңберінде еліміздің спорт саласында да үлкен жұмыстар жоспарланып, қолға алынып жатырғанын айтты комитет төрағасының орынбасары.
Жиында Серік Жарасбаев Алматының қысқы Олимпиаданы өткізуге үміткер ретінде үлкен дайындық жұмыстарын жүргізгеніне тоқталды. Ол осы мақсатта құрылған арнайы комиссияның мүшесі болған екен. «Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстанудағы, спортпен айналысудағы белсенділігі ерекше. Бұл жағдай бүгінде өзге өңірлерде де байқалады. Мұның бәрі мемлекетіміздің спорт саласын дамытуға зор көңіл бөліп отырғандығын байқатады» деді мейман.
Азамат сансызбайұлы.