Жарнама
СаясатБЕЙНЕЖАЗБА

7 сағатта 500-ден астам дауыс беруші өз таңдауын жасады (+ВИДЕО)

«№7 учаске төрайымы Айнагүл Ахметованың айтуынша, аталған учаскеде 2614 дауыс беруші тіркелген. Оның 12-сі денсаулық жағдайына байланысты үйден дауыс берді. Жетеуі есту қабілетінен айырылса, бесеуі арбаға таңылған” дейді Айнагүл Ахметова.

85 жастағы Қатира Мұхиденованың да төсек тартып жатып қалғанына екі жылдан асыпты. Байқаусызда құлап қалған ана жамбасын сындырып алған. Соның салдарынан мүлде жүре алмай қалыпты.

— Біз талай кезеңдерді бастан кешірдік. Қиналған да, қуанған да кездеріміз болды. Қиыншылықтарымызды бүгінгі ұрпақ көрмесе екен дейтінбіз. Лайым да сол тілегіміз қабыл болып, елімізде оң өзгерістер жалғасын таба берсе екен. Жемқорлықтың тамырына балта шабылса, бай мемлекеттің қазынасы өз халқына жетер еді, — дейді Қатира Мұхиденова.

Жалпы, түске дейін үйден дауыс беруге өтініш жасаған бірнеше мүмкіндігі шектеулі жанның біреуі ем-дом барысымен шетел асып кетсе, енді бірі аппарат арқылы демалатындықтан пікірін білуге мүмкіндік болмады.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button