Саясат
Бәрі талапқа сай
Республикалық референдум барысында Кіші өнер академиясы ғимаратында орналасқан №8 учаскеде байқаушы ретінде қатысудамын.
Дауыс берушілер белсенді қатысуда. Референдум барысында заңбұзушылықтар, қайшы әрекеттер болған жоқ. Барлығы талапқа сай өтуде. Науқан барысын байқаушы ретінде менен басқа, Азаматтық альянс, партиялардың өкілдері, «Жәрдем» қоғамдық қорының мүшесі қадағалауда.
Әсем ҚОЖАХМЕТОВА,
партиялық емес байқау орталығы қоғамдық бірлестігінің өкілі