«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен әлеуметтік көмекке 1,5 млрд теңге бағытталмақ

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтып өтті. «Азаматтардың өнімді жұмыспен қамтуға тартылып жатқанына байланысты әлеуметтік көмекті көрсету идеологиясында олардың еңбекке қабілеттілігіне қарай өзгертілетін болады», - деді Дүйсенова.Оның айтуынша, бүгінгі күні жұмыс істей алмайтындар мен өзін-өзі табыспен қамтамасыз ете алмайтындарға қатысты көмек міндетті түрде көрсетіледі. Ал еңбекке жарамды азаматтардың бір бөлігі өзінің жауапты іс-әрекеттеріне байланысты әлеуметтік көмекке ие болмақ. Министрдің айтуынша, аталған әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен алдағы жылдары 1,5 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған.
«Қазақстан – 2050» страгеиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев елді еңбекпен қамтуға қатысты бірқатар мәселе жүктеген еді. Тапсырма бүгін Үкімет тарапынан қатаң ескеріліп отыр.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз