ЖҮЙЕЛІ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Кеше облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілі Тұрсынбек Өмірзақовты қабылдады.
Қабылдау барысында Атырау облысында атқарылған істермен кеңірек танысқан Тұрсынбек Өмірзақов мұнайлы аймақтың Қазақстан экономикасының басты донорына айналып отырғанын атап өтті. Әлеуметтік сала локомотиві - денсаулық пен білім салалары, жол инфрақұрылымдары өзекті мәселелерінің оң шешіліп жатқандығына да ризашылығын білдірді.

Облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов алдағы уақытта да өңір үшін көкейкесті мәселелерді шешудегі келелі жұмыстардың жалғаса түсетіндігін айтты. «Аймақтағы құрылысы тұралап қалған объектілерге республикалық бюджет арқылы жәрдемдесуді сұрап, Үкіметке хат жолдадық. Тұрғын үй, жол, балабақша, мектеп, басқа да әлеуметтік құрылыстар әлі де жандана береді. Өйткені, біз ең алдымен бұқараның сұранысын қанағаттандыруымыз қажет» деп мәлімдеді облыс әкімі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз