ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ

Жұма күні Орталық Коммуникациялар Қызметiнде өткен баспасөз мәслихатының кезекті қонағы Қазақстанның Азаматтық альянсы ұйымының басшысы Нұрлан Ерiмбетов болды. Ол өзге мәселелермен қатар, үкiметтiк емес ұйымдарды қаржыландыру жүйесiнің өзгеретіндігі туралы журналистерге тұшымды етіп айтып берді.

 

– Бiз үкiметтiк емес ұйымдарды қаржыландыру жүйесiн өзгертпекпiз. Онда мiндеттi түрде алдын ала төлеу және әрбiр жобаны қадам-қадам бойынша қаржыландыру болуы шарт деп есептеймiз. Жалпы, менде қоғамдық қор құру туралы ой бар. Оған мемлекеттiк ұйымдар парламенттiң мақұлдауымен белгiлi бiр қаражат салса, ұжымдық және ашықтық негiзде елдiң түйткiлдi iстерiне жұмсалса деп ойлаймын. Бiрақ ол, әрине, арман, – дедi Н.Ерiмбетов.
14-15 қараша күндері республикалық Азаматтық форум өтетіні белгілі. Оны ұйымдастырушы Қазақстанның Азаматтық альянсы ұйымының басшысы қазіргі дайындық барысын да кеңінен әңгімелеп берді.

А.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз