КЕЗІНДЕ ТАРИХШЫЛАРЫМЫЗ БІРАУЫЗ СӨЗ АЙТУҒА БАТА АЛМАЙТЫН КЕЗЕҢ БҮГІНДЕ ҚАЙТА ҚАРАЛЫП, ТАРИХТАҒЫ АҚТАҢДАҚТАР ХАЛҚЫМЕН ҚАЙТА ҚАУЫШУДА. ДЕГЕНМЕН ӘЛІ ДЕ БОЛСА ШЫНАЙЫ ТАРИХИ БАҒАСЫ БЕРІЛІП, ТЫҢ ДЕРЕКТЕРДІҢ НЕГІЗІНДЕ ҚАЙТА ОБЪЕКТИВТІ ЗЕРТТЕУДІ ТАЛАП ЕТЕТІН БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ ДЕ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАР. СОЛ СЕБЕПТІ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СҰРАҚТАРДЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ ГҮЛЖАУХАР КӨКЕБАЕВАҒА ҰСЫНҒАН БОЛАТЫНБЫЗ.
– Осыдан оншақты жыл бұрын республикалық «Айқын» газетіне берген сұхбатымда: «Екінші дүниежүзілік соғыс» және «Ұлы Отан соғысы» деген терминдер кеңестік тарихнамада және қазіргі посткеңестік елдердің ғылымында синоним ретінде қолданылып жүрген жоқ. Олар «Екінші дүниежүзілік соғыс» деп 1939 жылдың 1 қыркүйегінен 1945 жылдың 2 қыркүйегіне дейінгі болған соғыс қимылдарын атайды. Бұл – дұрыс атау, бүкіл шетелдік тарих ғылымында да осы атау қолданылады. Алайда, кеңестік тарихшылар 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кеңес-герман соғысын «Ұлы Отан соғысы» деп атайды. Бұл, бір жағынан, ресейлік тарихнаманың қалыптасқан салт-дәстүрінен шыққан» деген пікір айтқан едім. Е г е р б і з 1 9 4 1 — 1 9 4 5 жылдардағы қырғынды «Ұлы Отан соғысы» деп атасақ, онда кеңес әскерлерінің 1939 жылдың 17 қыркүйегінен бастап Польшаға жасаған жорығына, 1939 жылдың 30 қарашасы мен 1940 жылдың 12 наурызына дейін болған Финляндиямен соғысына қатысқан, қаза тапқан, жараланған, тұтқынға түскен аталарымыз бен апаларымыз атаусыз қалмай ма? Олар да әскерге «Отанымыз шақырды» деп барған жоқ па? Фашистік Германияның шабуылына бірінші болып ұшыраған, жан аямай Отанын қорғаған поляктар неге оны «Отан соғысы» деп атамайды? Жалпы алғанда сол соғыста басқыншылыққа ұшырап, елін, жерін қорғаған, бірақ жеңіліс тауып, фашистік Германияның қоластында азап шеккен елдер қаншама, солардың барлығы үшін бұл соғыс Отан қорғау соғысы емес пе? Бірақ, олардың бірде-біреуі бұл соғысты «Отан соғысы» деп атамайды. 1939 жылдың 1 қыркүйегінен 1945 жылдың 2 қыркүйегіне дейін болған алапат соғыс тарихқа «Екінші дүниежүзілік соғыс» деген атпен енді. Бұл – тарихи факт, ғылыми шындық. «Ұлы Отан соғысы» деген атау моральдық негізде алынған, әрине, соғыс ардагерлері үшін бұл атау қымбат. Алайда, ғылыми тұрғыдан және тарихи шындық тұрғысынан алсақ, бұл атаудың сыртында қалып қоятын кеңес-поляк және кеңес-фин соғысындағы кеңес Одағының б а с қ ы н ш ы л ы қ с а я с а т ы н бүркемелеудің амалы емесіне кім кепіл? «Отан соғысы» атауы Ресей тарихнамасына тән түсінік екені рас. Мәселен, 1812 жылғы Наполеонның Ресейге жорығы «Отан соғысы» деп аталады. Ал, оған дейін Наполеон Еуропаның көптеген еліне жорық жасады емес пе? Олардың барлығы тарихқа «Наполеонның жорықтары, наполеондық соғыстар» деген атаулармен енді. Әрине, Ресей тарих ғылымының бірнеше ғасыр бойына қалыптасқан өзіндік дәстүрлері бар, оған ешкім қарсы емес. Бірақ, бәрімізге ортақ кеңес Одағының тарихына қатысты алғанда, біздің өзіндік пікір айтуға құқығымыз бар ғой. Ең бастысы, сол пікірлеріміз ғылыми шындыққа, ақиқат тарихи фактіге негізделуге тиісті. Соғыс мәселесіне байланысты менің өзіндік пікірлерім бар. Ол соңғы он бес жылдағы Германияның, Польшаның, Венгрияның мұрағаттарында ізденістер жүргізіп, шетелдік зерттеушілердің еңбектерін талдап, жинақтаған нақты м ә л і м е т т е р м е н б і л і м г е негізделген. Сондықтан, мен өзімнің оқулықтарымда 1939- 1945 жылдардағы соғысты «Екінші дүниежүзілік соғыс» деп атап, сол соғысты талдау барысында «1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін созылған фашистік Германияның кеңес Одағына қарсы соғысы «Ұлы Отан соғысы» деп аталады» деген мәліметті беремін.
– Біріншіден, соғыста ерлік көрсетіп, ең жоғары марапатқа (Батыр атағына) ұсынылып, әртүрлі себептермен алмай қалған ардагерлердің тарихын зерттеу қажет. Сондай-ақ, «соғысушы мемлекеттер жеке адам тағдырына қалай қарады?» деген мәселе бүкіл посткеңестік кеңістікте әлі де көлеңкеде қалған, зерттелмеген мәселеге жатады. В а с и л ь Б ы к о в т ы ң шығармаларын еске түсіріңізші, оларда жазушы шайқастарды ж а л а ң с у р е т т е м е й д і , с о л шайқастағы жеке адамдардың тағдырын, ой-арманын, ішкі күйзелістерін суреттейді. Ғылымға да сондай еңбектер қажет. Жетпіс жыл бойына Қазақстанның майданды қару[1]ж а р а қ п е н , а з ы қ — т ү л і к п е н қамтамасыз еткені, біздің жерімізде құрылған әскери бөлімдер туралы жазып келдік. Бұл, әрине, аса қажет зерттеулер. Бірақ, енді жеке адамның т а ғ д ы р ы н з е р т т е у қ а ж е т . Соғыстағы жеке адам тағдырын көркем әдебиеттің еншісіне беріп қоймай, ғылымға енгізген жөн. Екіншіден, соғыстың ғаламдық мәселелерін де зерттеу керек, қазақстандық тарих ғылымында осындай бағыт қалыптастыру қажет. Соғыстың қарсаңындағы ірі мемлекеттердің саясаты, соғысты болдырмау жолындағы әрекет, оның неліктен іске аспай қалуы сияқты ғылыми мәселелер әлі де толық зерттеуді талап етеді. Соғысқа қатысқан ірі елдердің мұрағаттарында әлі де белгісіз болып отырған деректер баршылық. Кезінде КСРО құрамындағы республикалар ғалымдарының шетел мұрағаттарында жұмыс істеуге мүмкіндігі болған жоқ. Енді біздің ғалымдар жылдар бойы аңсаған мүмкіндікке қол жеткізген кезде, осындай әлемдік деңгейдегі ғылыми мәселелерді зерттемей отыру, жаңа деректер негізінде өзіндік пікірлерін айтпауы мүмкін емес. Осындай үлкен мәселені көрші елдің тарихшыларының қолына беріп қойып, өзіміз «майданда атылған он оқтың тоғызы біздің республикамызда шығарылды» деп тоқмейілсіп жүре берсек, онда Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары бетінде, әрбір жанұяның асханасында соғыс туралы түрлі дау-дамай туып, негізсіз айтыстар көбейеді. Мен «айтыс» деп бекерге айтып отырған жоқпын. Егер ғылыми фактілерді келтіре отырып, ғалымдар айтысса, бұл пікірталас болады. Ал, интернеттегі әртүрлі алыпқашпа пікірден туған эмоциялық таластар тек «айтыс» деңгейінде жүреді. Үшіншіден, соғыста жан аямай шайқасып, қапылыста жау қолына түсіп қалған, фашистік лагерьлерде адам айтқысыз ауыр азапты басынан кешірген соғыс тұтқындары мәселесін зерттеу қажет. Төртіншіден, соғыс кезіндегі қазақ әйелдерінің майдандағы ерлігін және тылдағы ерен еңбегін зерттеуді қазақстандық тарих ғылымының жеке арнаулы бағытына айналдыру керек.
– С о ң ғ ы ж ы л д а р д а ғаламторда жиі көтерілген мәселе – соғыс мәселесі. Сол талдаулардың барысында аса бір зиянды, ғылыми жағынан да, моральдық жағынан да негізсіз идея көтерілді. Бұл – «соғысты кеңес Одағы жүргізді, бұл біздің соғыс емес» деген идея. Бұл ғылыми қателік емес, ғалымдар мұндай пікірді мүлде қолдамайды. Бұл – қарапайым тоғышардың сөзі. Кеңес Одағының 75 жылдық тарихы – біздің де тарихымыз, б і з б ұ л к е з е ң н і ң б а р л ы қ жақсылығына да, жамандығына да жауаптымыз. Ал, соғыс – біздің ортақ қайғымыз, ортақ жан жарасы. Егер қазіргі жас ұрпақтың бойына осы ойды сіңірсек, ол соғысты көрмесе де, майдан алаңында қан төккен аталары мен әжелерінің жанайқайын түсінетін болады. Ең бастысы, қазақ тарихын дүниежүзілік тарихтан бөліп, оқшауландырмай, керісінше, оны бүкіл адамзат тарихының бөлінбес бөлігі ретінде көрсету. Сондай жағдайда ғана жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде тек қазақтың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі ғана емес, қыпшақ Қадыр ханның, қарапайым сақ Шырақтың, француз қызы Жанна д’Арктың, орыс шаруасы Сусаниннің ерліктері де патриоттық сезім тудыратын болады. Өз еліңнің патриоты болу деген өзге елдің адамының патриоттық сезімін аяққа таптау емес. Өз батырыңның ерлігін мақтан тұта отырып, оны басқалармен с а л ы с т ы р а к ө р с е т с е ң мақтанышың әлдеқайда баянды болады емес пе? «Нені болса да, салыстыру арқылы танисың» деп ежелгі ойшылдар тегін айтпаған ғой.
– Жеңіс тойын тойлауды тек ардагерлермен байланыстыру бұл тарихи оқиғаның маңызын тым біржақты түсіну болады. Ардагерлер кетсе де, олардың ұрпақтары бар, сол соғысты б а с ы н а н к е ш і р г е н е л д і ң , халықтың ұжымдық зердесі бар. Сондықтан, тарихи зерде бар болса, жеңіс тойын тойлау жалғаса береді. Егер тарихи зердеден айырылып, барлығымыз Шыңғыс Айтматов суреттеген «мәңгүртке» айналсақ, онда жеңіс тойы тойланбақ түгілі, «Отан» деген түсініктің өзі жоғалады. Сондықтан, жеңіс тойын тойлау қажет, сондай-ақ, қ а з а қ т а р и х ы н д а б о л ғ а н басқа жеңістерді (Аңырақай шайқасы, т.б.) де тойлау дәстүрін қалыптастыру қажет. Ең бастысы – ұрпақтар жалғастылығын қамтамасыз етуіміз керек, сонда ғана халық зердесі өшпейді.
Сұхбаттасқан Рита ӨТЕУҒАЛИ