Жарнама
СарапTimeМәдениет

Ақын-аудармашы Маржан Ершу «Atyraý» газетіне сұхбат берді

ЖАҚЫНДА АҚЫННЫҢ «БОПАЙ ХАНЫМ», «БІЛЕЗІК», «АТЫРАУДЫҢ МАРЖАНДАРЫ» АТТЫ КІТАПТАРЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ. АТЫРАУ ҚАЛАСЫ МЕН ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТУЫНДЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТІП, ҚАЛАМЫНАН ЖҮРЕККЕ ЖЕТЕР ЖЫР ТӨГІЛГЕН ТАЛАНТТЫ АҚЫНМЕН ОҚЫРМАНДАР ҚУАНА ҚАУЫШТЫ. ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНДЕ ӨЗІНДІК ҚОЛТАҢБАСЫ БАР АҚЫН-АУДАРМАШЫМЕН СҰХБАТТАСУДЫҢ СӘТІ ТҮСІП, ОҚЫРМАНҒА ОЙ ТАСТАЙТЫН ӘҢГІМЕ ӨРБІТКЕН ЕДІК.

– Маржан Аманқосқызы, «Бопай ханым», «Білезік», «Атырау Маржандары» атты кітаптарыңыз оқырман игілігіне жол тартты. Осындайда «Əбілқайыр ханның сүйікті жұбайы, заманында ел билеу ісіне араласып, данагөй ханым атанып, есімі елге жайылған Бопай ханым тақырыбына қалай келдіңіз?» деген заңды сауал туындайтыны сөзсіз…

– 1995 жылы Мемлекеттік хатшы болып қызмет атқарған кезде Əбіш ағамыз (Кекілбаев) бас болып, «Доңыз» əскери полигоны аумағындағы ел аузында «Бопай сай» аталып кеткен Бопай ханым жерленген жерге барып, дұға оқытып, ас берген. Əдебиетте Əбіш аға Бопай ханым тақырыбын алғаш рет көтеріп, «Үркер», «Елең-алаң» романдарына арқау қылды. Жазушының маған бір айтқаны Бопай ханым туралы таным көкжиегімді кеңейту еді. Осылайша «Бопай ханым» поэмасын жаздым. Р е с е й д і ң О р ы н б о р облысындағы Елек ауданының Димитровка селосынан 30 ш а қ ы р ы м қ а ш ы қ т ы қ т а ғ ы Бердяевка өзенімен іргелес жатқан Бопай сайы жанындағы қ ы р а т — ж а з ы қ т ы қ Б о п а й ханымның мəңгілік тыныс тапқан орны екен. Өкінішке қарай, бұл аймақ 1929 жылдан бері Ресей əскери полигонының құзырына кіреді. Кіруге рұқсат жоқ. Кезінде Бопай ханымның қабірі басына орнатылған құлпытас пен кесененің бұл күнде жұрнағы да қалмаған. Орыстың мұжықтары пеш саламыз деп тасын бұзып əкеткен. Бопай ханымның асыл сүйегі жат жерде қалмаса екен деймін. Сүйегін елге əкеліп, Ақтөбе жеріндегі Əбілқайыр хан жерленген «Хан моласына» қастерлеп жерлеген дұрыс. Ол үшін мемлекеттік деңгейде шараларды ұйымдастыруымыз керек-ақ.

– Қазір тарихшылар да, кітапсүйер қауым да «Бопай ханым кім?» деген тақырыпқа тереңірек бойлағысы келеді. Таяуда «Atyraý» газетінің редакциясына Мұратбай Сейтқазиев есімді оқырман хабарласып, тарихи туынды туралы мағлұмат сұраған еді…

– Иə, ел тарихы, жер тарихы, тарихи тұлға тақырыбы мені қызықтыратын дүние емес пе?! Біз тарихымыздың көп тұсын жырдан, ақын-жыраулар поэзиясынан табамыз ғой. Біздің Жылыой жерінде: «Орынбор, Тұзтөбенің тұзын көрсең, Жылыойдың таң қаларсың қызын көрсең. Атыңнан түскен қайтып міне алмайсың, Қалқаның судан қайтқан ізін көрсең» деген халық əні бар. Бұл əн Жылыойдың қызына деген құрметтен туғаны анық. Бұрын осы əнді естігенде «Жылыой аты неге алыстағы Орынбор, Тұзтөбемен ұйқасып тұр, араларында қандай байланыс бар?» деп ойлайтынмын. Осы шумақтың соңғы екі жолы да ойлантады. Бəлкім, бұл əн Бопай ханымға арналған шығар?! Солай болуы əбден мүмкін ғой. «Орынбор, Тұзтөбенің тұзына ұйқастырып», «Ақтөбенің қызын көрсең таңғаларсың» немесе «Маңғыстаудың қызын көрсең таңғаларсың» деп неге айтылмаған? Ертеден келе жатқан дəстүр бар емес пе? Мысалы, Мұхаммед Хорезми. Хорезми ныспысы – Хорезмде туғандықтан, тегіне теңестірілген жер аты. Арабтар Отырар қаласын Фараб деп атаған, Əбунасыр əл-Фараби деп аталуы да оның туған жеріне байланысты. Махмуд Қашқари Қашқарда туып өскендіктен, Қашқари деп аталған. Тарихта мұндай мысалдар көп. Бопай ханымның туған жері – Жылыой, «Жылыойдың таң қаларсың қызын көрсең» деген сөз осыдан шыққан. Əбілқайыр ханның жұбайы, ақылшы, сенімді серігі болған Бопай өз заманында алыс-жақынды түгел таңғалдырған адам. Ақыл-көркімен ғана емес, көрегендік, мəмілегерлік, ел басқару ісіне араласуымен де көзге түскен. Əннің «Қалқаның судан қайтқан ізін көрсең» д е г е н ш у м а ғ ы а у ы с п а л ы мағынада айтылған. Бұл жай судан қайтқан қыз аяғының ізі емес, Бопайдың салған ізі, атқарған қызметі, өнегелі өмірі. «Атыңнан түскен қайтып міне алмайсың» деген шумақтан таратар ойымыз – Əбілқайыр аттан құлап, ес-түссіз жатқан шағында Бопайдың ағасы Мырзатай тауып алып, Бопайға əкеледі. Бопайдың емшілік, сынық салатын қасиеті болған. Əбілқайырды емдеп, аяққа тұрғызады. Осы оқиғадан кейін Əбілқайыр мен Бопайды тағдыр тоғыстырады.

– Соңғы кезде Жылыой ж е р і н д е г і а п п а қ т а у л ы Ақкегершін бор қыраттары да елдің ерекше назарын аударып жүр. Табиғаттың қайталанбас керемет туындысы туралы н е а й т а с ы з ? А л , т у ғ а н ауылыңыздың «Ақкиізтоғай» деп аталу себебі бар ма?

– Көнекөздерден қалған аңыз əңгімелерге қарағанда, А қ к е г е р ш і н – м ұ х и т т ы ң орны, ал қазір ежелгі қаланың қирандысын еске түсіретін асқақ тау жұрнақтарын көруге болады. «Бопай ханым» кітабының мұқабасын осы Ақкегершін мен ағылшын саяхатшысы, суретші Джон Кэстльдің 1736 жылы салған Бопай ханымның картинасымен көркемдеген едік. Əбіш Кекілбаев ағамыздың ата-бабасы бір замандарда Жылыой өңірін, Жем өзені бойын мекендеген. Бұған тарихи деректер куə. Менің туған ауылым Ақкиізтоғайдың атауы да тегін емес. Əбіш ағамыздың бабасы Таған бай бабасы Қожаназарға ас беріп, сол асқа Əбілқайыр хан мен Бопай ханымның ұлы Айшуақ хан келгені жайлы дерек бар. Айшуақ Жылыой жеріне анасы Бопай ханымның туған жері болғандықтан, сонау Орынбордан ат арытып келген ғой. Қазақ дəстүрі бойынша ханды ат кермесінен аяғын жерге тигізбей, жер бетіне төселген ақ киізбен қарсы алған. Хан аяғына төселген ақ киіздің көптігі мен тоғайдың əдемілігі ел аузында аңыз болып таралыпты да, біздің ауыл сол астан соң «Ақкиізтоғай» деп аталып кетіпті. Менің «Ақкиізтоғай» деген өлеңім осы тарихтан сыр шертеді. Жылыойдағы тұсаукесер ш а р а д а ө м і р д е н т ү й г е н ойларымды ортаға салдым. О н ы ң а л д ы н д а а у д а н н ы ң мықты өлкетанушы[1]тарихшыларының бірі, мектеп директоры, жоғары санатты тарихшы Шолпан Оңғарбаева досыммен ақылдасқан едім. Біздің пікіріміз «Бопай ханым Жылыой перзенті болған соң, оған құрмет көрсетілуі керек» дегенге тоғысты. Доссор-Құлсары жолындағы Ж ы л ы о й а у д а н ы н ы ң территориясына енер тұста ақ жаулықты «Ана» монументімен берілген «Қош келдіңіздер!» деген белгі тұр. Бұл жақсы. Осы «Ананы» төрге қарай шығарып, қала ішіне немесе Бейнеу-Жылыой, Теңіз-Құлсары бағытына ауыстырса, қалай болар екен?! Оның орнына «Бопай ханым» кітабының мұқабасындағы суретті монумент қылып орнатқан дұрыс секілді. Ақкегершін, Джон Кэстль салған Бопай ханымның картинасын, астына Бопай ханымның өмір дерегі мен «Орынбор, Тұзтөбенің тұзын көрсең, Жылыойдың таң қаларсың қызын көрсең. Атыңнан түскен қайтып міне алмайсың, Қалқаның судан қайтқан ізін көрсең» деген халық əнін жазып қойса, келушілер Бопай ханымның елі мен тарихын танып білер еді. Бірақ біздің Жылыойдың жігіттері өкпелеп қалуы мүмкін ғой, «тек қыздарды мақтай береді» деп… Сондықтан астына менің əкем Аманқос Ершуовтың мына бір шумақ өлеңін жазып қою керек: «Кең Жылыой салқын самал саялым-ай! Жемнің де басы қатты, аяғы жай. Ұлының ұлылығы бүгінгідей Қ ы з ы н ы ң с ұ л у л ы ғ ы баяғыдай». Жер бетіндегі ең басты құндылық – адам, адамгершілік ж ə н е а д а м д ы қ қ а с и е т . «Жылыойдың ұлдары мен қыздары жалынды, жігерлі екенін осылайша таныта берсек жарасады ғой» деген тілегім жиналған қауым ойынан шықты-ау деймін. Риза болысты. Ал, аудан əкімі Халел аға Жамалов «Апырмай, тіліңнен бал тамады-ай!..» деп, басын шайқады. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой, əкімнен комплимент естіп өзім де қуанып қалдым (күледі).

– Биыл Халық қаһарманы, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш батыр қыз Хиуаз Доспанованың туғанына – 100 жыл. Былтыр елордада атына көше берілген Хиуаз апай туралы тұңғыш поэманы сіз жаздыңыз. «Қыран қыз – Хиуаз» атты жаңа əн де шықты. Осы туралы толығырақ айтасыз ба?

– Хиуаз апамыз туралы оған 2004 жылы «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, «Алтын Жұлдыз» айрықша белгісі тапсырылған кезде ғана білдім. Сол жылы б а с п а с ө з д е ж а р и я л а н ғ а н қуанышты хабар мені Хиуаз Доспанова туралы ұшы-қиырсыз ойларға жетеледі. 2007 жылы апайдың үйінің телефонын тауып алып, хабарластым. Телефонды Хиуаз Доспанованың өзі көтерді. «Хиуаз апа, амансыз ба? Мен Жайық бойынан шыққан ақын сіңліңіз Маржан боламын. Мектепте Əлия мен Мəншүктің ерлігін оқып, танып өстік. Сіз туралы еш дерек білмедік, өкінішке қарай» деп едім, Хиуаз батыр «Сонда маған неғыл дейсің?!» деп ұрсып берді. «Сіз туралы поэма жазғым келеді. Сіздің көркем əдебиетте бейнеңіз жасалуы керек деп ойлаймын. Қарсы емессіз бе?» дедім. Сонда Хиуаз апай көңілденіп: «Умница! Жарайсың! Ал жаз!», — деді. «Хиуаз апа, сіздер сұрапыл соғыс кезінде жиырмадан сəл асқан уыздай жассыздар. Кілең қыздардың авиаполкі. Оқ пен оттың ортасы. Өмір мен өлімнің арасы. Қиын кезең. Қорқыныш сезімдері сіздерге салмақ түсірген жоқ па? Қалай көтердіңіздер?» деп сұрадым. Сонда Хиуаз Доспанова: «Қазір ойлап қарасам, сол кезде ойымызға жақсы көйлек, дəмді тамақ кіріп шықпайтын. Бар мақсатымыз жауды жеңу, Отанды қорғау, жеңіске жету болатын. Өлсем ел үшін, Отан үшін деген сенім мықтырақ еді. Қаншама қаруластарымнан айырылдым, көз алдымда жанып бара жатты» деді мұңдана сөйлеп. Кейін де біраз сөйлесіп тұрдық. Мен сұрақтарымды қоятынмын, ол кісі жауап береді. Бір күні телефон соқсам, ағай көтерді де: «Апаң сені сұрап жатыр» деп телефон тұтқасын Хиуаз апайға берді. «Əй, Маржан-ай! «Апам бар еді[1]ау» деп бір іздеп келмедің-ау. Мен аяғымды сындырып алып, 24 сағат кереует те шалқамнан жатырмын. Сағат жылжымайды. Бір кемпірге кім бұрылсын мұндайда…» деп мұңын шақты. Бұл Хиуаз апаймен соңғы тілдесуім екенін білмеппін. Бір аптадан кейін Хиуаз Доспанова дүние салды. Сондай өкініште қалдым. Өкініштісі сол, біз Хиуаз Доспанованы ел қорғаған батыр, қазақтың тұңғыш қаһарман ұшқыш қызы деп білеміз. Бірақ ішкі жан дүниесін жақыннан тани алмадық. Хиуаз апайдың 100 жылдығына орай белгілі композитор Арман Жайым екеуміз «Қыран қыз – Хиуаз» а т т ы ə н ш ы ғ а р д ы қ . Е н д і бейнебаян түсіріп, елге таратсақ деген ойымыз бар.

– Ел аузында «Ақкиізтоғай – ақындар ауылы» деген сөз бар. Жиырмаға тарта ақын шыққан ауыл дейді. Солардың бірі де бірегейі – небəрі 36 жыл өмір сүрсе де артына өшпестей мұра қалдырған сұрапыл ақын Меңдекеш Сатыбалдиев. Биыл Кең Жылыойдың Ақкиізтоғайында туған ақын Меңдекеш Сатыбалдиевтың туғанына 85 жыл толып отыр. Сізді Меңдекеш ақынның жоқтаушысы ретінде де білеміз. Алматыда, ҚазҰМУ-де академик Зейнолла Қабдоловтың жетекшілігімен «Меңдекеш Сатыбалдиевтың əдеби мұрасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты атандыңыз…

– Иə, «Азырақ болып ортаңда, көңіліңде жүрсем көбірек» деп Меңдекештің өзі жырлағандай, оның əдеби шығармашылығы – бүгінгі күннің биік эстетикалық талғамы мен талабына жауап беретін, идеялық-көркемдік жағынан аса құнды еңбектер. Өлең өлкесіндегі алғашқы а д ы м д а р ы – т ы р н а қ а л д ы туындыларында-ақ өзіне тəн қаламгерлік мəнерімен, өлеңдегі өзгеше өрнек-нақышымен, мəйекті тіл, ұтқыр ұйқасымен, сыршыл сазымен əдебиет əлеміне еркін еніп, қазақ жырының қалың көшіне іркілмей ілескен Меңдекеш Сатыбалдиевтың ақындық болмыс-бітімі оның көркем дүниелерінен айқын а ң ғ а р ы л а д ы . М е ң д е к е ш Сатыбалдиев – отыз алты жыл ғұмыр кешсе де, қамшының сабындай қысқа өмірін өлеңге, сөз өнеріне арнаған, көп ізденіп еңбектенген бейнетқор адам. Сол бейнетін рахатқа балап, əдебиетке адал қызмет еткен қаламгер. Ақын – халықтың жады ғана емес, тілі, ділі, үні, рухы! Ендеше, ақынның артында қалған асыл мұрасы – жырсүйер қауымның рухани сусыны. Меңдекеш поэзия саласында ғана емес, проза саласында да жемісті еңбек етті. «Қоңыр қозы» повесінің авторы, көркем аудармаға бейімділігін танытып, А.Покрышкиннің «Аспандағы айқас», татар ақыны Хасан Туфаның жырларын, моңғол жазушылары Лодонгийн Тудэвтің, Бааст Бохийн, Пурэвийн Хорлоның, басқа да əңгімелерді қазақшаға аударды. Оның баяндауы мен суреттеуіндегі бейнелілік – көркем кестелі тілі аудармаларының келісті жақтарын танытады. М е ң д е к е ш – м ы қ т ы публицист. Қай жанрда жазса да, өзіндік үні, тілі мен стилі, суреткерлік мəнер-машығы, өзіндік ерекше қолтаңбасы бар қаламгер екенін танытқан Меңдекеш Сатыбалдиев – Атыраудың, елдің азаматы. Ал, Ел мен Ер – қашан да егіз ұғым. Меңдекештің отыздан сəл асқан жасында артына жазып қалдырған дүниелерін оқысаңыз, сексендегі шежіреші қариядай кəрі де ойлы. Ақыл-парасаттың биігінен қарайды. Ойлантады, тебірентеді, бүгінгі оқырманның да ойынан шығып, талғамын биіктетеді. Шын таланттар өмірі осылай, өзі өмірден өтсе де, асыл қаламының ізі кеппейді. Ө к і н і ш т і с і , М е ң д е к е ш мұралары, шығармашылығы қолдау таппай жатыр. Кітаптарын да мемлекеттік тапсырысқа енгізе алмадым. Ақынның Атырауда өткен 80 жылдығы жетім қыздың тойындай болды. «Жалғыздың үні шықпас» деп шаршап жүрем осылай…

– Кітаптарыңыздың Жылыойдағы тұсаукесерінде елді таңғалдырған бір оқиға жайлы естідім. Сол оқиғаны таратып айтсаңыз…

– И ə , о л т а с ж а р ғ а н жылыойлық талант жайлы ғой. 2017 жылы мамыр айында сол кездегі облыс əкімі Нұрлан Ноғаевтың қолдауымен «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» а я с ы н д а А т ы р а у д а ө т к е н Махамбет поэзиясы күндеріне қатыстым. Əнес Сарай, Қажығали М ұ х а м б е т қ а л и е в , М а р а т Мəжитов, Мереке Құлкенов, Ақұштап Бақтыгереева, басқа да бір топ қаламгер шақырылған екен. Шарадан соң, алыстан келген ақын-жазушыларды «рухани жаңғыру тақырыбына н а с и х а т т а у ж ұ м ы с ы н жүргізіңдер» деп аудандарға бөліп жіберді. Мен Жылыой ауданына келдім. Мəдениет үйінде халықпен жүздесуім өтті. Шараны сол кездегі аудан əкімі Мақсым Ізбасов аға жүргізді. Ж и н а л ы с т а н с о ң , Ақкиізтоғайға мені апарып тастауға машина бөлінген екен. Көлік жүргізушісі жас бала. Байқаймын, бұл баланың көңілі қобалжулы, əрі ашулы көрінді. «Біреуге өкпелеп келе жатыр ма екен?» деп ойлап отырғанмын. Бір кезде əлгі бала: «Маржан апа, мен күй шығарып едім. Тыңдап көресіз бе?» дегені. «Жарайды, телефоныма жіберсең, кейін тыңдап көрейін» дедім. Бірақ «күй шығарам» дегені қызық болып көрінді де, «қайда қызмет етесің?» деп сұрадым. Ол «Аудандық мəдениет бөлімінде, бастықтың шоферімін» деді. «Мəдениет бөлімінде жасасаң, к ү й і ң д і б а с т ы ғ ы ң а н е г е тыңдатпайсың?» деген сұрағыма, «ұяламын» деп жауап берді жас бала. «Неге шофер боп жүрсің, əлде екі жұмыс жасайсың ба?» дегенмін, ол музыкалық білімінің аяқталмай қалғанын айтты. Сұрастыра келе, оның Қ ұ л с а р ы д а ғ ы Т о қ с а н б а й Қ ұ л т у м и е в а т ы н д а ғ ы музыка мектебін бітіргенін, Атыраудағы Дина Нұрпейісова атындағы музыка колледжін аяқтауға отбасылық жағдайы көтермегенін білдім. Əкесі де, ан а сы қай т ы с бо п т ы. Музыка колледжінде оқып жүргенде, анасы жазылмас дертке шалдығып, қолындағы жалғыз бала болғандықтан оқуын тастап, анасын бағыпты. Анасы да дүниеден өткен екен. Екі баласы, əйелі бар екен. Оқуын жалғастыруға қол қысқа. Дипломы жоқ болғандықтан жұмысқа кіре алмай, амалсыз нан табу үшін шофер боп жүр екен. «Мені ешкім түсінбейді ғой, кімге айтам сырымды?.. Мен күйшімін ғой, домбыраны с а ғ ы н а м . Д о м б ы р а н ы ұстамағаныма қанша уақыт болды» деп мұңаяды. Оны аяп кеттім. Астанаға келген соң, бір концертте Айтқали Жайымов ағайды іздеп бардым да, «Аға, Жылыойдың Жəнібек Серік деген баласы «шығарған күйім» деп жіберген екен. Тыңдап көріңізші. Мен музыкант емеспін ғой, сіз бағасын беріңізші» деп өтініш етіп едім. «Ал тыңдайық!» деген ағайдың айналасына оркестрдегі біраз күйшілер жиналып қалды. Айтқали Жайымов: – Біздің жақтың күйшілерінің табиғаты төкпе күй ғой. Қызық. Бұл баланың күйі шертпе күй екен. Күйінің басында аз-мұз еліктеу бар, бірақ түбі өзін-өзі тауып алады. Еліктеу заңдылық, одан да өтеді. Бұл бала оркестрде домбырашы ма? — деп сұрады. – Жоқ. Аудандық мəдениет бөлімі бастығының шофері. Көмектесер адамы жоқ. Қиналып жүр екен. Оқуын да аяқтай алмай қалыпты. Музыка мектебіне мұғалім болғысы келеді екен, бірақ дипломы болмағасын олар жұмысқа алмай қойыпты, — дедім. Күйді қайтадан тыңдаған Айтқали аға: «Шебер орындаушы. Қағысы профессионал. Қазірдің өзінде Жылыойдың жұлдызы деуге болады» деп, жоғары баға берді. С о д а н о с ы с ө з д е р г е қанаттанып, облыстық «Atyraý» газетіне «Талант тасада жүр» деген мақала жаздым. Мақалада Айтқали ағаның сөздерін д е к е л т і р д і м . О с ы л а й ш а , Жəнібектің өнердегі жолы ашылды. Мақаланы оқыған сол кездегі аудан əкімі Мақсым Ізбасов, одан кейін əкім болған Əлимұхаммед Құттұмұратұлы Жəнібекке қамқорлық көрсетті. Ол Құлсарыдағы «Үміт» балалар музыкалық мектебіне жұмысқа тұрып, Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы колледжге сырттай оқуға түскен. Ж ы л ы о й д а ө т к е н кітаптарымның тұсаукесерінде Ж ə н і б е к к е л і п , ж а қ с ы жаңалықтарымен бөлісті. Жеке өнер мектебін ашыпты. Мектебінде 40-тан астам бала оқиды екен. «Шолпан» деген ансамбль құрған. Тұсаукесерде « Ш о л п а н » а н с а м б л і н і ң (ансамблге анасының атын берген) өнерін тамашаладық. Бұл ансамбль Атырауда өткен «Дала сазы» облыстық сайысында I орын алып, республикалық конкурсқа жолдама алыпты. Кішкентай балалар тобынан «Жарқын» деген екінші ансамбль құрып жатыр екен. Ж ə н і б е к т і ң к ү й , ə н шығаратын сазгерлігі де бар. Үш жыл бұрын «Бір əн шығардым, аты – «Құлсары қалам», енді соның сөзін жазып беріңіз» дегесін, өтінішін орындадым. Тым жақсы əн болды. Басында ел Жəнібекке сенбеді. Маған да сырттай ренжіп ұрсатындар болыпты. «Шоферден музыкант шыға ма екен? Осы Маржан Ершу билік соғады да жүреді, тыныш жүрмей» деп. Айтарым, талантты тану бар. Талантты деп таныстырсаң, ел мойын бұрып қарайды. «Халық – сыншы» деген. Бірақ өзіңді таныту, мойындату – өзіңе байланысты. Оған көп күш, көп еңбек керек. Құр мақтау сөзбен, көтерме жылы сөзбен алысқа бармайтынын Жəнібек Серік жақсы түсініпті. Оның құрған ансамбльдері де ерекше екен. Домбыраға дарбука, су сылдыр, мүйіз, т.б. түрлі аспаптарды қосып, интерпретация жасаған. Ə л і д е ж ү з е г е а с ы р а т ы н жобалары, идея-ойлары көп екен. Жылыойдың толысқан ж ұ л д ы з ы ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ іздену, өсу үстінде. Соған қуандым. Мен бір Жəнібектің үміт отын оятсам, Жəнібек Жылыойдағы 40 баланы өнерге баулып, шырағын жақты. Тұсаукесер шарада Жəнібекті жаныма шақырып алып, осы жайттарды жиналған елге айтып бердім. Сөз соңында: «Менімен кездеспегенде, əлі шофер боп жүре беретін бе едің?! Міне, қарашы! Қандай жақсы болған!» десем, халық күліп жатыр. Ел ішіндегі еленбей жүрген таланттарды тауып, көмек беруіміз керек. «Ел іші – өнер кеніші» деп халқымыз тегін айтпаған ғой.

– Салиқалы сұхбатыңызға рахмет. Шығармашылық табыс тілейміз!

Сұхбаттасқан: Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button