
Жылыойда жергілікті мәслихаттағы бос орынға қайта сайлау өтті
Жылыой аудандық мәслихатында бір депутаттың орны босап, оның орнына депутат сайлау үшін нөмірі 94 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Жалпы, аудан бойынша сайлауға түсуге 3 адам өтініш білдірген.

Мамандардың мәлімдеуінше, сайлаушылар тізімінде 5 мыңға жуық адам бар. Олар таңдаған үміткеріне дауыс беру үшін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Сайлаудың өту барысы бақылаушылардың жіті қадағалауында болды.
-Аудан бойынша осы сайлауда 1 аумақтық, 1 округтік сайлау комиссиясы, сол округтік сайлау комиссиясына жататын 2 учаскелік комиссия жұмыс жасап жатыр. Аудан бойынша депутаттыққа 3 кандидат түсті. Сайлауда 5022 сайлаушы тізімге енді. Сайлау өз деңгейінде Заңға сәйкес өтіп жатыр. Ешқандай заңбұзушылық жоқ,-дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зәуреш Қалмұханова.