Жарнама
Сайлау

ЖСДП ТӨРАҒАСЫ АСХАТ РАХЫМЖАНОВ САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРДІ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Асхат Рахымжанов Астана қаласындағы №158 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Мұнда 2 922 дауыс беруші тіркелген. «Бүгін мен өзімнің сайлау учаскеме келіп, қарапайым ел азаматы ретінде таңдауымды жасадым. Сайлауалды үгіт-насихат кезінде біз барлық өңірде болып, бұл бағыттағы жұмыстарды нәтижелі аяқтадық. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы референдум өтті. Оның нәтижесінде сайлау жүйесіне және депутаттар корпусын қалыптастыру процесіне өзгерістер енгізілді. Бұл өз кезегінде еліміздегі саяси жүйенің өзгеруіне әсер етеді», — деді Асхат Рахымжанов. Еске салайық, ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің — 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 29 депутат сайланады. 19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламент Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды. Бүгін 12 миллионға жуық азамат таңдау жасай алады. Алдын ала тұрғылықты жері бойынша 11 970 406 сайлаушы анықталды. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлытау облысында тіркелген

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button