Жарнама
Сайлау

Жауапкершілік пен сенім алаңы


Бүгін Еркінқала ауылдық округіне қарасты Балауса елді мекеніндегі №43 орта мектеп ғимаратында орналасқан №274 сайлау учаскесінде де тұрғындар өз таңдауларын жасады.

Сайлау учаскесінің төрағасы Бибігүл Ғапуованың айтуынша, дауыс беру процесі барлық заң талаптары мен ережелерге толық сай жүргізілуде. Ең бастысы – сайлаушыларға қолайлы жағдай жасалған. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлінген. Арнайы бұрыштарда мүмкіндігі шектеулі жандар да кедергісіз дауыс беріп шыққан. Сондай-ақ, денсаулығына байланысты үйден шыға алмайтын 1 адам арнайы өтініш негізінде үйде дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.

f67194e7 536e 49cf a9a2 acd6877e28df

Сайлау барысы туралы ақпарат елді мекен тұрғындарының ортақ чаттарында белсенді таратылып, бейнероликтер арқылы да жұртшылыққа кеңінен хабарланды. Бұл – тұрғындардың сайлауға қатысуын арттыруға оң ықпалын тигізді.
Ең қуанарлығы – саяси белсенділіктің жасы шектелмеген. Сайлау тізіміне биыл алғаш рет дауыс беруге мүмкіндік алған 18 жастағы 47 жас азамат тіркеліп отыр. Ал ең егде сайлаушының жасы – 71-де.

Учаскеде екі байқаушы бекітілген. Қазір бір байқаушы сайлау барысын бақылап отыр. Бұл да сайлаудың әділ әрі ашық өтуінің кепілі.
Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button