Сайлау

Жастарды қолдау маңызды

«Respublica» партиясының сайлауалды туры Атырауда жалғасты. Кандидаттар Руслан Берденов, Қуаныш Шонбай, Қырмызы Жандосова, Динара Наумова, Екатерина Смолякова, Олжас Болатбекұлы, Бақытбек Хамит аймақта 1200-ден астам азаматпен кездесу өткізді.

Атыраудағы сайлаушылармен алғашқы кездесуде «Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау жастарды қолдау мәселесін көтерді. Ол барлық уақытта аға буын өкілдері жаңа, жас ұрпаққа моральдық-этикалық тұрғыдан көңілдері толмағанын айтты. Бірақ, оның ойынша, жастар үшін ештеңе істелмесе, мұндай сынның күмән тудыратыны анық.

«Бір кездері аталарымыз әкелерімізге: «Біздің жастар бұзылды» деп айтқан. Ал кейінірек әкелеріміздің: «Ұрпағымыз өзгеріп барады, тәрбие деген мүлде жоқ» деген сөздерін еститін болдық. Ал біздің міндетіміз – жастарымыз осындай сынға негіз болмас үшін жағдай жасау. Жастар үшін тиімді ешнәрсе істемесек, онда оларды бұзылды деуге хақымыз жоқ», деді С.Тау.

Айта кету керек, «Respublica» партиясының мүшелері еліміз бойынша 30 мың шақырымнан астам жолды жүріп өтіп, науқанның 2 аптасында үгіт-насихат жұмыстарымен 1 миллион адамды қамтыды. Ең бастысы, партия мүшелері күн сайын азаматтардың мәселелерін саралап, Парламент Мәжілісінде шешуді көздейді. «Respublica» партиясының тең төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Руслан Берденов өз сөзінде осыған назар аударды.

«Біз – іскер адамдармыз. Шетелге шығуға шамамыз жетеді. Материалдық байлығымыз да, яғни қажеттінің бәрі бізде бар. Бірақ ертең бізден: «Елің үшін не істедің?» деп сұрайды. Біз партия боламыз ба, жоқ па, ол маңызды емес. Алайда ел игілігіне қызмет етуді жалғастыра береміз. Ал азаматтардың сан жыл бойы қордаланған проблемасын шешу – біздің алға қойған басты мақсаттарымыздың бірі. Біздің мақсатымыз айқын және міндетіміз ашық, біз Парламентке халықтың мәселесін айтып, шынайы ахуалды билікке жеткізу үшін барамыз. Біздің басты мақсатымыз – Мәжілісте біз сияқты ел қамын ойлайтын адал кәсіпкерлердің қатарын көбейту», деді ол.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button