Сайлау
ЖАС ОТБАСЫ САЙЛАУҒА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ
Теңіз ауылдық округіндегі №177 сайлау учаскесіне 1114 сайлаушы тіркелген. Сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Қауменовтың мәліметінше, мүмкіндігі шектеулі — 2, үйден дауыс беруге өтінім білдірген — 16 адам бар. Аталған сайлау учаскесіне Бекжановтар отбасы арнайы ұлттық киіммен келіп, өз таңдауын жасады. Ел ертеңі үшін жауапты қадам жасауда ұлттық нақыштағы киімдерді насихаттай білген жас жұпқа талай жанның көзі сүйсінді. Еркеназ Қалижан