Сайлау
ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ ДЕГЕН СЕНІМДЕМІН
Сайлауға «Дауыс» қоғамдық бірлестігінен бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Миялы аулындағы №146 учаскелік сайлау комиссиясында сағат 7.00-ден бастап жіті қадағалаудамын. Азаннан бері өз таңдауларын жасап сайлауға дауыс берушілер қатары көп. Менімен бірге барлық қоғамдық ұйымдар мен партиялардың бақылаушылары дауыс беру барысын қадағалап отыр. Дауыс беру кезінде ешқандай олқылық кездеспеді, бәрі заң шеңберінде өтуде. Бұл сайлаудан кейін көптеген жаңалық, жаңа бастамалар болатыны сөзсіз.
Әйгерім Құрмашева,
«Дауыс» қоғамдық бірлестігінің байқаушысы