Жарнама
Сайлау

Таңдау бар

Биылғы саяси науқан – Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау жүйесі өзгерістерге толы. Бұл біз күткен алдағы өзгерістердің нәтижесі. Жаңартылған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға халықтың мүдделерін көрсететін өзгерістер енгізілді.
Қоғамдық бірлестіктің басшысы ретінде мен барлық аудандарда болып, сайлау учаскелеріне бардым. Жұртшылықтың ел ертеңіне деген сенімі үлкен. Себебі, алдымен, бұл тек қана партиялық тізіммен ғана емес, мажоритарлық жүйемен жүзеге асқалы отыр. Тарқатар болсам, бір мандаттық округтан өзіңді-өзің ұсыну арқылы депутат бола алатын мүмкіндік бар. Яғни, Президент Заңда бекіткендей, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігі кеңейді. Осы ретте халық пен биліктің арасында алтын көпір болып жүрген, елдің мұң-мұқтажын, өкпе-ренішін боямасыз Үкіметке жеткізе алатын тұғырлы тұлғалар депутат бола алатыны көпшіліктің көңілінен шыққаны рас. Бұл жаңашылдықты демократиялық өзгерістеріміздің, жаңа Қазақстанның, әділетті Қазақстанның жарқын да даңғыл жолының бастауы деуге болады.
Жаңа заңнамаларға сәйкес депутат болып сайланғаннан кейін халықтың сөзін сөйлемей, елдік сөз айтпай, ірі істерде ойын білдіре алмаса, жылы орнынан айырылып қалуы әбден мүмкін. Өйткені кандидатты таңдаған сайлаушылар үміткерінің аяқ алысына қанағаттанбаса, сайланған адамды кері қайтарып алу мүмкіндігі бар. Яғни, ұлтқа шын мәнінде қызмет ететін, жауапкершілігі жоғары тұғырлы тұлғалар ғана депутаттық мандаттқа ие болмақ
Тағы бір айтпағым, бізге жастар, қызықты идеялар, инновациялар қажет, бірақ тәжірибе туралы ұмытпау да қажет. Сондықтан мәжіліс пен мәслихаттарда әр түрлі жастағы, түрлі партиялар мен қозғалыстардағы адамдар жұмыс істей бастаса, дұрыс болады.
Қазақстандықтар бір нәрсеге сенімді — егер әрбір адам осы процеске жауапкершілікпен қарайтын болса, онда Мемлекет басшысы бастамашылық еткен реформалар іске асырылатын болады.
Ел Президентінің бастамасымен саяси қайта құру үдерісі өсуде. Адамдар өздеріне сене бастады. Қазір біз кандидаттар арасында, әсіресе бір мандатты округтер бойынша үміткерлер арасында жоғары белсенділікті көріп отырмыз. Яғни, таңдау бар!
Гүлсім БИТАШЕВА, «Аналар үндестігі» үкіметтік емес ұйымының басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button