Сайлау

Шағын және орта бизнесті қолдау

«Amanat» партиясы Шымкент қалалық сайлауалды штабының мүшелері Жанар Бектаева, Есімхан Бертаев және Нұрсұлтан Балабиев «Самал» автобекетіне барды.

Аманаттықтар партия алдағы бес жылда шағын және орта бизнесті қолдауға көп көңіл бөлетін жет­кізді. Сондай-ақ үміткерлер сайлаушыларды тол­ғандырған түйткілді мәселелерге құлақ түріп, пар­тия­ның сайлауалды бағдарламасымен таныс­тырды.

«Шымкентте 107 мыңнан астам кәсіпкерлік суб­ъектісі бар. Онда өздеріңіз сияқты 190 мыңға жуық­ адам жұмыс істейді. «Amanat» партиясының бақы­лауымен 1,2 мың шағын және орта бизнес өкі­лін қолдауға жыл сайын бөлінетін қаражатты пай­да­ланудың тиімділігін қадағалаймыз. 2023-2027 жыл­дары өз ісін бастаймын деген азаматтарға же­ңіл­­детілген несие мен гранттың ашық және әділ бөлі­нуіне атсалысамыз», деді Шымкент қалалық мәс­лихатының депутаттығынан үміткер Жанар Бектаева.

Сондай-ақ «Amanat» партиясының рес­пуб­ли­калық сайлауалды штабында Talqylau диалог ала­ңының кезекті отырысында спикерлер еңбек нары­ғының ертеңін, өңірлерде кадр саясатына қа­ты­сты жүйелі жұмыс жүргізілмейтінін, жастар ара­сындағы жұмыссыздық мәселесін талқылады.­

­Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат ­Екатерина Смышляева «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған жұмыссыздық мә­се­лесін шешу, еңбек қауіпсіздігі және оның қор­ға­луы қағидаларын қатаңдату, «жұмыс істеп тұрған ке­дейлік» құбылысын жою, т.б. шара­ларды тал­дады.

Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің де­пу­таттығына кандидат Динара Сәдуақасова ба­лалар мен жасөспірімдерді еңбекке баулу мә­се­лесін қозғады. Оның айтуынша, сайлауалды уә­де­лерді іске асыру аясында еліміздегі мектептер от­ба­сы­лық құндылықтарды, еңбекқорлықты, білім алу­ға деген құштарлықты және патриотизмді қол­дап, дамытады. Мектеп ұрпақ тәрбиесіне қа­тыс­ты жауапкершілікті бөлісіп, балаларымызды­ құрдастары мен ересектердің әлімжеттігінен қор­ғай­ды.

Заңгер Әсет Дәуітов фракцияның болашақ ша­қырылым депутаттары қарастыратын еңбек заң­на­ма­сын жетілдіру мәселесі жөнінде өз ұсынысын біл­дірді. Еске сала кетейік, Talqylau алаңында азаматтарды толғандырған өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірленеді.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button