Сайлау

Салықтан босатуды ұсынды

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы мүшелері Дания Еспаева мен Серік Ерубаев Атырау қаласының шағын және орта бизнес өкілдері және банк қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар жиналған қауымды партияның саяси бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Парламентте атқарған жұмыстары, «Ақ жол» партиясының ұстанымдары мен ұсыныстары туралы айтты.

Кандидаттар Парламенттің өкілеттігін күшей­ту, бюджеттен тыс жұмсалған қаржыға парла­мент­тік бақылауды қайтару туралы партия ұсыныс­тарына жан-жақты тоқталды. Ақжолдықтар сайлау үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын қамта­масыз ету мақсатында сайлау учаскелеріндегі бар­лық рәсімдерге бейнебақылау орнатуды, электронды дауыс беруді енгізуді қарастыруды ұсынды.

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясы кәсіпкер­лердің мүддесін қорғайтын партия екенін атап өтті. Кәсіпкерлікті қолдау елдің экономикалық әлеуетін дамыту үшін ғана маңызды емес, ең алдымен, бұл жұмыссыздық пен кедейлікпен күресудің басты құралы.

Шағын және орта бизнес жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алады. Сондықтан «Ақ жолдың» осы жылдар бойы Парламент қабырғасында заң шығарушы орган деңгейіндегі басты міндеті – шағын және орта бизнестің мүддесін қорғау. Жаңа Салық кодексі бойынша жұмыс аясындағы «Ақ жол» демпартиясы міндеттерінің бірі – әділ салық салу.

«Ақ жол» партиясы 10 жылдан бері сараланған салық мөлшерлемелерін қызмет түріне қарай енгізуге ұмтылып келеді. Президент Қ.Тоқаевтың тікелей тапсырмасынан кейін жаңа салық кодексі әзірленіп жатыр, онда қосымша құн салығының сараланған мөлшерлемелерін енгізу көзделген.

Д.Еспаева микрокәсіпкерлік пен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды салықтан толық босату керектігін атап өтті. Бұл азаматтардың мемлекетке масыл болмай, еңбек етіп, өз отбасын өздері асырап жүргеніне алғыс айту керек. Кездесу барысында Серік Ерубаев демократия мен парламентаризм мәселелеріне, облыс, қала әкімдерінің билікте жүрген кезінде партиялардан шығуы, сайлаудың әділ өтуі, сайлау учаскелерін­де бейнебақылау жүйесін енгізу мәселелеріне тоқталды.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button