Сайлау сәтімен өтті
Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау сәтті өтті деп ойлаймын. Бұған байқаушы ретінде өзім де көз жеткіздім.
Мен №10 сайлау учаскесінде «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коализациясы республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау филиалы атынан байқаушы болдым. Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қала тұрғындары өз таңдауын жасады.
Сайлау әдеттегідей таңғы сағат 7.00-де мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Бұдан бұрынырақ ертемен келіп, сайлау учаскесінің ашылуын күткен дауыс берушілер де болды. Бір атап өтерлігі, бұл жолғы сайлау ерекше дайындықпен өтті. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған. Сайлау күні науқастанып қалған жандарға да сайлау бюллетеньдері апарылды. Үйлерінен дауыс беруге де мүмкіндік жасалды. Сайлау кабиналары барлық талапқа сай.
Сайлаушылардың арасында еліміздің ертеңіне алаңдаған аға, орта және жас буын өкілдері де болды. Ұрпақ болашағына алаңдаған үлкендер өздерінің ақжарма тілектерін де білдіріп жатты.
Қоғамдық ұйымдар мен партиялардың барлық байқаушылары сайлау барысын жіті бақылап отырды. Мен де сайлауға басынан аяғына дейін қатыстым. Сайлаушылардан да, сайлау комиссиясы тарапынан да тәртіп бұзушылықтар мен өрескел оқиғалар орын алмады.
Мерует Ахонова,
байқаушы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушысы.