Жарнама
Сайлау

Сайлау кезінде құқық бұзғандарға айыппұл салынып, жұмыстан шеттетілді

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауында жәшіктерге артық бюллетеньдерді салып жіберу фактілері болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«№279 сайлау учаскесінде — бұл Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінде артық бюллетеньдерді жәшіктерге салып жіберіп жатқаны көрсетілген видео жарияланды. Бұл іс зерттелді, прокуратура органдары онымен айналысып, тиісті тұлғаларға айыппұл салынды. Атап айтқанда, комиссия төрағасы мен қоғамдық бірлестіктің бір бақылаушысына айыппұл салынды. Сонымен қатар комиссия төрағасы дереу жұмыстан шеттетілді», — деді ол баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, осындай құқық бұзушылық Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округіндегі №455 сайлау учаскесінде тіркелген. Бұл оқиғағдан кейін хатшы мен учаскелік комиссияның мүшесіне айыппұл салынып, олар да жұмыстан шеттетілген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button