Сайлау

Саясат Нұрбек: Сайлау – қоғам үшін ерекше саяси оқиға

Сайлау учаскесінде ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сайлаудың қоғамымыз үшін қашанда ерекше саяси оқиға екенін айтты.
Саясат Нұрбектің ссөзінше, өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан ауқымды саяси реформалардың арқасында еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Салыстырмалы түрде қысқа мерзімде мемлекеттің саяси құрылымында да, қоғамдық құндылықтар жүйесін жаңарту процесінде де айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

«Ал бүгін негізгі мемлекеттік институттарды қайта іске қосу үдерісін аяқтай отырып, Қазақстан азаматтары жаңа аралас жүйе бойынша Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлайды. Мемлекет басшысы атап өткендей, Мәжіліс пен мәслихаттардың биылғы сайлауы өткен жылы қазақстандықтардың қолдауына ие болған конституциялық реформаның қисынына негізделген. Осы реформаның арқасында елде биліктің өкілетті тармағын қалыптастырудың жаңа, неғұрлым әділ және бәсекеге қабілетті ережелері қалыптасты.»
Саясат Нұрбек
Ел азаматтары бүгін өздерінің саяси білімін көрсете отырып, дауыс беруге белсенді қатысатынына сенімдімін. Шынында «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» мемлекеттің саяси тұрақтылығының президенттік формуласын одан әрі жүзеге асыру сапасы осы сайлаудың нәтижелеріне байланысты, -дейді Саясат Нұрбек.

«Бүгін мен жұбайыммен бірге, көптеген әріптестерім мен достарым сияқты бейбітшілік пен өркендеуді қалап, Отанымыздың қарышты дамуы үшін өз таңдауымды жасадым!»
Министр

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button