Жарнама
Сайлау

RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АЙДАРБЕК ҚОЖАНАЗАРОВ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров елорданың 393 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қасында партияның тең төрағасы Динара Шүкіжанова бар. Еске салайық, ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің — 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 29 депутат сайланады. 19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламент Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button