Жарнама
Сайлау

Моноқалалардың ортақ проблемасы

«Amanat» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қостанай облысының Арқалық қаласында сайлаушылармен бірқатар кездесу өткізді.

Кездесуге 300-ден астам адам қатысты. Штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасындағы өңірлерде әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған негізгі басымдықтар туралы айтты.

– Ел аумағындағы моноқалалардың проблемалары бір-біріне ұқсас. Халық көшіп жатыр, инженерлік желілер мен жолдардың тозығы жеткен. Білім және медицина салаларында да шешілмеген мәселелер бар. Азаматтардың ұсыныс-пікірінің негізінде партия әрбір өңір үшін жеке сайлауалды бағдарлама әзірледі. Онда жол сапасын жақсартуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған және басқа да жүйелі шаралар қамтылды, – деді партия төрағасы Ерлан Қошанов.

Ол Арқалықты дамыту мақсатында Үкімет кешенді жоспар әзірлегенін және партия қала тұрғындарымен бірлесіп оның іске асырылуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өтті.

Бұдан соң штаб мүшелері Арқалық жылу энергетикалық компаниясының еңбек ұжымымен кездесіп, тозығы жеткен коммуналдық желілердің жай-күйін талқылады. 2027 жылға дейін партия 40 шақырым электр және су құбыры желілерін, сондай-ақ 65 шақырым кәріз желілерін қайта жаңартуды қамтамасыз етеді.

Жалпы еліміз бойынша тұрғын үйлер инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды жобасы іске қосылады. Энергетика саласын басқаруды реформалау жалғасады. Тиімділік пен инвестициялық тартымдылықты арттыру арқылы желілер мен нысандарды одан әрі жаңартуға жол ашу жоспарланып отыр.

Бұл күні штаб мүшелері шағын және орта бизнес өкілдерімен де жүздесті. Партиялық­тар бизнесті жүргізу бойынша қарапайым ережелерді қамтамасыз етуге күш салатынын атап өтті. 2027 жылға дейін кем дегенде 15 мың артық реттеуші кедергі жойылады. Заңнама деңгейінде экономикадағы монополияны жою және адал бәсекелестікті дамыту жұмысы жүргізіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button