Жарнама
Сайлау

Миллана – алғаш дауыс беруші

Сарықамыс шағынауданындағы Қасым Қайсенов атындағы орта мектепте орналасқан №83 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Алғашқы сайлаушылар да өз дауысын беріп үлгерді. Сағат 7:00-де еліміздің Гимнімен ашылды. Бұл сайлау учаскесінде 2358 сайлаушы тіркелген.
Өз өмірінде алғаш рет дауыс берушілердің қатарында Миллана Төлеш те бар.
Ең алғаш рет саяси додаға қатысып, азаматтық ұстанымын білдіріп жатқанына қуанған ол Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университетінің мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану мамандығы бойынша білім алады.
– Өмірімде тұңғыш рет өз қолыммен бюллетеньді жәшікке салып, дауыс беріп жатқан соң, сәл толқыныс та болғандығын жасыра алмаймын. Елімнің саяси өміріне титтей болса өз үлесімді қосып, Қазақстанда демократияның салтанат құруына, елдің дамуына дауысымды бердім. Өзім тіркелген сайлау учаскесінен он біржылдықты тәмамдаған едім. Дауыс беруге келіп, мектеп кезін еске алып тұрмын, — деді жас сайлаушы.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button