Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау: қазақстандлықтар шетелде дауыс бере алады
Қазақстан азаматтары ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауға шетелден қатыса алады. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
СІМ Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылғанын атап өтті.
«Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады», — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
ҚР-дың шетелдегі мекемелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі.
«Шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз», — дедіҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау 2023 жылғы 19 наурызда өтеді.