
Сайлау
Мақат ауданында сайлау өтіп жатыр
Бүгін Мақат ауданындағы №236 сайлау учаскесінде шығып қалған мәслихат депутаттарының сайлауы басталып, дауыс беру процесі жалғасып жатыр. Аталған учаскеде 1101 сайлаушы тіркелген. Сайлау “Үміт” жатақханасының ғимаратында өткізілуде.

Дауыс беруге Мақат кентінің “Газшылар” шағынауданы, С.Бекжанов, Л.Шахатов, Қ.Сәтпаев және Ә.Жангелдин көшелерінің тұрғындары қатысуда.
Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рахман Мақсотовтың айтуынша, бұл сайлауға үш кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатысып отыр. Сайлау учаскесі кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, сайлаушыларға өз таңдауларын жасауға барлық жағдай жасалған.
Алмас ҚАБДОЛ
Мақат ауданы