
Сайлау
Ерлі-зайыптылар өз таңдауларын жасады
Еркінқала ауылдық округінде Еркінқала-2 елді мекенінің тұрғындарын қамтитын №283 сайлау учаскесінде 2099 дауыс беруші бар. Әзірге 30-ға тарта тұрғын өз таңдауларын жасап үлгерген. Олардың қатарында ерлі-зайыпты Әнуар Күншығаров пен Гүлсім Наубаева да бар. Маңызды саяси науқанда өз таңдауларын жасаған олар дауыс беру -әр азаматтың құқығы деп есептейді.
– Бүгін – жай ғана дауыс беру күні емес, бүгін — өзіміз өмір сүріп жатқан ауылдың ертеңіне үлес қосатын сәт. Біз үшін бұл – азаматтық жауапкершілік. Әділ, іскер, ел мүддесін ойлайтын үміткердің таңдалуы – бүкіл округтің дамуына жол ашады. Дауыс беру – әр азаматтың құқығы ғана емес, ел алдындағы борышы деп білемін, — дейді олар бірауыздан.
Айбөпе САБЫРОВА