Жарнама
Сайлау

Еркінқалалықтар өз таңдауларын жасап жатыр

Бүгін Еркінқала ауылдық округінде ауыл әкімін сайлау өтуде. Тұрғындар таңғы сағат 7.00-ден бастап өз таңдауларын жасады. №20 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасы Болат Қисметовтың айуынша, әзірге 50-ден астам еркінқалалық дауыс беріп үлгерген.
Аталған учаскеде 2964 сайлаушы тіркелген. Маңызды науқанда 40-қа тарта жас тұңғыш рет өз таңдауларын жасайды. Ал 95 жастағы ең қарт сайлаушы үйден дауыс беруге өтініш білдірген.
Еркінқала орта мектебінде 50 жылдан астам еңбек еткен зейнеткер, 83 жастағы Қарлыға Нұржан елімізде өтіп жатқан барлық саяси науқанға белсенді қатысып келеді. Бұл жолы ауыл әкімінің сайлауына да үлесін қосып, таңдауын жасаған.

– Өз азаматтық пікірімді білдіру парызым деп есептеймін. Денсаулығым жақсы болса, барлық сайлаудан қалмаймын. Болашақ әкіміміз ауылымызды көркейте берсін деген тілегім бар. Осы ауылдың байырғы тұрғыны болғандықтан, оның келешегіне бей-жай қарай алмаймыз,-дейді ол.

70c728d7 7790 431e adc1 ef792ed8e8e7


Ал сайлаудың заңға сай әрі ашық өтуін қадағалайтын байқаушылардың бірі Құндыз Күншығарованың айтуынша, саяси науқан әділ өтуде. Дауыс берушілер ертемен жақсы көңіл-күймен келіп, таңдауларын жасауда.
Жалпы, он бес мыңнан астам тұрғыны бар Еркінқала ауылдық округіне Еркінқала-2, Еркінқала, Ракуша, Балауса елді мекендері қарайды. Мұнда тұрғындар 5 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

Айбөпе САБЫРОВА,
Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button