Жарнама
Сайлау

Дауыс беру маңызды

«Respublica» партиясы өңірлерде сайлауалды турын жалғастырып жатыр. Күні кеше Қазақстанның екі аймағында – Қостанай және Ақтөбе облыстарында сайлаушылармен кездесулер өтті.

Сапардың бірінші күні Қостанай облысында халықпен кең ауқымда кездесу өтіп, оған 1000-нан астам адам қатысты. Екінші күні партиялықтар облыс пен еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға үлес қосып, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысып жүрген еңбек ұжымдарымен жүздесті. Атап айтқанда, «МИЛХ» ЖШС, «СарыарқаАвтоПром» автомобиль құрастыру кәсіпорны және «Баян-Сұлу» кондитерлік фабрикасына барды. Партия өкілдерімен кездесуге аталған кәсіпорындардың 300-ге жуық қызметкері қатысты.

Қостанай облысындағы «Баян-Сұлу» кондитерлік фабрикасының еңбек ұжымымен кездесу барысында партияның тең төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Динара Шүкіжанова дауыс беруге әрбір саналы азамат қатысуға тиіс екенін атап өтті.

«Қазақстанның әрбір азаматы дауыс беруге құқылы және мұны назардан тыс қалдыруға болмайды. Дауыс беру күні біз тек сайлау учаскесіне барып қана қоймай, жаңа саяси күштің қалыптасуына және өзгерістер үдерісінің іске қосылуына ықпал етеміз», деді Д.Шүкіжанова.

Барлық патриоттарды еліміздің болашағы алаңдатады. Динара Шүкіжанованың айтуынша сайлау бюллетенін толтыру – әр отандасымыздың азаматтық қоғамның толыққанды өкілі екенін білдіруі және ойластырылған таңдау жасағанын іске асыруы.

Сонымен қатар Ақтөбеде «Respublica» партиясы­ның мүшелері мен Парламент Мәжілісінің депу­таттығына кандидаттар жастармен, Ақтөбе облысының спортшыларымен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесулер өткізді.

Айта кетерлігі, «Respublica» партиясының сайлауалды туры барысында партия мүшелері Қазақстанның барлық өңірлеріне барып, қазақстандықтардың өзекті мәселелерін егжей-тегжей талқылайды. Қостанай облысында соңғы күндері партия қатарына кіруге 15 мыңнан астам адам өтініш білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button