
212 сайлаушы үшін дауыс беру жәшіктері арнайы жеткізілді
Доссордағы №212 сайлау учаскесіне 1467 сайлаушы тіркелген. Оның 7-уі алғаш рет дауыс береді, 14-і мүмкіндігі шектеулі жан. Сайлаудың әділ өтуін 7 байқаушы бақылап отыр. Солардың бірі — Айнагүл Әбілқасова әзірге ешқандай заң бұзушылықтың болмағанын айтады.
“Бүгін Доссор мәдениет үйіндегі №212 сайлау учаскесінде “Қазақстанның Азаматтық Альянсы” ЗТБ-нан бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Таң атысымен Сайлау учаскесі ашылғаннан бастап тұрғындар белсенді келіп, өз таңдауларын жасауда. Сайлау барысында ешқандай құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Тұрғындарды ынталандыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Халықтың көңіл күйі көтереңкі”, — деді Айнагүл Әбілқасова.
Сондай-ақ, №212 сайлау учаскесіне қарасты «Ботақан», «Қарсақ», «Байшонас» кен орындарында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын 212 сайлаушы үшін дауыс беру жәшіктері арнайы жеткізілді. Аудан бойынша 35 кандидат тіркелген. 13-і партия атынан түсіп жатса, 22-сі өзін-өзін ұсынған.