Жарнама
Сайлау

Біріккеннің ісі берекелі

«Байтақ» партиясы мен Эстонияның Жасылдар партиясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мұндай саяси одақ Қазақстан тарихында тұңғыш рет тіркеліп отыр. Байтақтықтарға жас партия ретінде қазір еуропалықтардың тәжірибесі ауадай қажет.

Экобелсенділердің жиналысы онлайн режімде өтті. Жиналысқа Қазақстан тарапынан Мәжіліс пен қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер, эколог-ғалымдар мен студенттер қатысты.Эстонияның Жасылдар партиясы 2006 жылы құрылған. 13 жылдың көлемінде эстондық әріптестер бір-ақ рет Парламентке мандат алды. Осы жылы партия тағы сайлауға түспек. Ал байтақтар үшін бұл – алғашқы тәжірибе. Екі партияның ойы бір арнада тоғысады: ғылым мен экологиялық білімді дамыту арқылы жасыл саясатты ілгерілету қажет.

Қазақстан мен Эстония бірлескен жобаларға екі елдің үздік ғалымдарын тартуды жоспарлап отыр. Еуропалықтар бұл салада едәуір жетістікке жетті. Эстония әлемдегі ең таза елдердің қатарына кіретінін атап өткен жөн.

Жалпы, көмір тұтынудан толық бас тартуға бола ма, әлде ол мүмкін емес нәрсе ме? 2016 жылы әлемде бірінші болып Бельгия елі қара отын өндіруден бас тартты. 2020 жылы Швеция мен Аустрия да көмір отын қолданбайтын болды. 2024 жылы Ұлыбритания жоғарыда аталған елдерге қосылуды жоспарлап отыр. Бұл мәселе – «Байтақ» партия мүшелерінің басты назарында.

Кейбір елдерде, мысалы, Германияда жаңа көмір электр стансаларын салу жалға­сып жатыр. Елімізде бұл мәселеге қатысты екіжақты пікір қалыптасқан. Экология министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы елордада ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газ құбырларының құрылысы аяқталды. Бірақ қала әлі де көк тұманда. «Қазгидромет» деректері бойынша 2022 жылы атмосферадағы 108 млн тонна зиянды заттардың жартысы ЖЭО-дан шығарылған.

Осы стансада өндіріс қашан жаңғыртылып, қазандықтардың қай кезеңде көгілдір отынға көшетінін білу үшін «Байтақ» партиясының мүшелері іске кірісті. Астана қаласы бойынша Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар ЖЭО-1 ұжымымен кездесу өткізіп, стансаны жаңғырту, еңбек мәселелерін талқылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button