Жарнама
Сайлау

Бейнеттің зейнетін көру бұйыра ма?

Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Найля Аппасова мен мәслихат депутаттығына кандидат Азамат Әбдірахманов республикалық трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығының ұжымымен кездесті.

Спикерлер дәрігерлерді партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Онда партия өкілдері ҚХП дәрігерлердің мәртебесін көтеруді көздейтінін, сонымен қатар қолжетімді және тегін дәрі-дәрмекті халыққа үлестіру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ олар медицина қызметкерлері лайықты жалақы алуға тиіс екенін тілге тиек етті. Партия өкілдері ұжымға 19 наурызда өтетін сайлаудың маңыздылығын айтып, сайлау құқықтарын пайдалануға шақырды.

Өз кезегінде дәрігерлер елімізде 3 мыңнан астам адам трансплантациялау кезегінде тұрғанын жеткізді. Мұның көбі 35-45 жас аралығындағы науқастар екені айтылды. «Қазақстанда ағза донорлығын дамытудың негізгі проблемалары жетерлік. Ең бастысы, бұл бағытта заңнамалық өзгерістер мен ақпараттық жұмыстар қажет», деді олар.

Ал Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Гаухар Танашева Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына қарасты Бәйтерек ауылының тұрғындарымен кездесті.

«Біз әйелдер 58 жаста зейнетке шығу керек деген қозғалысты қолдап, митингілерге қатыстық. Нәтижесінде, әйелдердің зейнетке шығуын 61 жас­тан ұлғайтпау жөнінде 5 жылдық мораторий жарияланды. Біз әйелдердің құқығын Парламентте қорғаймыз», деді Гаухар Танашева.

Халық партиясы ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді 50-55 жас­тан зейнетке шығаруды талап етеді.

Кездесуде денсаулық саласындағы өзекті мәселелер көтерілді. Еліміздегі жұмыссыздыққа байланысты көптеген азамат МӘМС төлеуге қауқарсыз. Осының салдарынан көп адамдар медициналық көмекті ала алмай отыр. Сондай-ақ мемлекеттік сақтандыру көпбалалы, ерекше қамқорлықты қажет ететін баласы бар және толық емес отбасындағы аналарға аса қажет.

Халық партиясы ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде ауылдық жерлерде көпбалалы отбасылар үшін тегін тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button