Жарнама
Сайлау

Басты проблема – несие өсімі

«Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Павлодар қаласына барды. Штаб мүшелері Берік Дүйсембинов, Дмитрий Васильев, «Ақ жол» демпартиясынан бірмандатты округ бойынша кандидат Фуат Сатыбаев, жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар Павлодар облысындағы «Мерусарии және К» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Ақжолдықтар партияның саяси бағдарламасын таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, парламенттік республикаға көшу мәселе­леріне тоқталды. Сондай-ақ, ипотекалық несие­нің жоғары пайыздық мөлшерлемелері, жұмыс­сыз­дық, салалық қосымша құн салығы мөлшер­лемелері, оффшорлардағы қаржыны қайтару, инфля­циямен күрес және тұрғын үй бағасының қымбаттауына қатысты мәселелер көтерілді.

Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырған соң кандидаттар Парламентте атқа­рыл­ған жұмыстар жайлы айтты. Жұмысшылар көкейдегі сұрақтарын қойды. Көпшілікті әлеуметтік әділеттілік, «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң мен әділ сайлау мәселелері қызықтырды.

Жұмысшылардың бірі тәуелсіз бақылаушылар санының жеткіліксіздігін айтып, халықтың сайлаудың әділ өтетініне сенуден қалғанын, тәжірибе көрсеткендей, сайлау учаскелеріне келмеген адамдардың орнына бюллетеньдер толтырылатынына назар аударды.

«Сайлау үдерісінің ашықтығы мен жария­лы­­­ғын қамтамасыз ету мақсатында біз дауыс беру күні сайлау учаскелеріндегі барлық рәсім­дер­ге бей­небақылау енгізуді ұсынамыз. Сон­дай-ақ, элек­т­рон­ды дауыс беруді енгізуді қарас­тыру қа­жет. Қазір барлығын телефон арқылы жасаймыз. Көп­­те­ген сай­лаушылар дауыс беру күні кезекте тұр­­ғысы келмей, дауыс беру құқығын пайдалан­бай­­ды. Бұл тар­мақтарды енгізбейінше, дауыс берген­дер­­дің нақты санын біле алмаймыз», деді Берік Дүйсембинов.

Жиын барысында ұжым қызметкерлері бірқатар түйткілді мәселеге тоқталды. Мыса­лы, несие өсімі, баға тұрақсыздығы, баспа­наның қол­жетімсіздігі туралы ойларын айтты. Кан­ди­дат­тар кәсіпорын мен еңбек ұжымын қолдай­ты­нын айтып, Парламентте «Ақ жол» фракциясы құрылғаннан кейін бұл мәселелерді Үкімет алдында көтеруге дайын екенін мәлімдеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button