Барлығы да қалыпты өтуде.
Бүгін еліміз үшін маңызды науқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарда жетінші сайланған Парламент Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынған болатын.
Осыған орай, мен 113 сайлау учаскесінде бақылаушы болып отырмын. Таңертең ертемен участокке келіп, өзімізге берілген міндетті атқарудамын.
Сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары. Бірнеше жылдан бері тәуелсіз бақылаушы болып қызмет атқарып келемін. Біздің жұмыстың ерекшелігі біз ешқандай кандидатқа не партияға болыспаймыз. Сол үшін жауапкершілік үлкен.
Басты миссиямыз – сайлау учаскелеріндегі дауыс беру нормаларына қайшы әрекеттерді болдырмау болып табылады.
Барлығы да қалыпты өтуде.
Самал Тастемірова,
«Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігі