Сайлау

Атырауда сайлау учаскелерінде концерттік бағдарлама мен спорттық ойындар ұйымдастырылды

Атырауда сайлау учаскелерінде келушілер үшін концерттік бағдарлама мен спорттық ойындар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйытқы болып отыр. Аталған шаралар Н.Тлендиев атындағы Кіші өнер Академиясы, Облыстық халық шығармашылығы орталығы және «Атырау-Ақпарат» ЖШС ғимаратында өтуде. Өнерпаздар Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы, Н.Нұрпейісова атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, Облыстық халық шығармашылығы орталығы және Н.Тлендиев атындағы Кіші өнер Академиясының қызметкерлері мен оқушылары.

Қала тұрғыны Жәнібек Жәмиев сайлауға келіп, концерттік бағдарламаны тамашалады.

-Өкпесін өміріне ұластырмай өмірін өнегемен жалғаған қаймана қазақтың бір-бірін мынау менің туғаным, мынау менің туысым деп іздеп төс қағыстыра тойлайтын мерекесі – Наурыз ұлттық мерекесі құтты болсын! Наурызбен бірге тұспа-тұс келіп жатқан бүгінгі сайлау Атырау қаласында жоғары деңгейде өтуде. Барша Атырау тұрғындарын дауыс беруге шақырамыз,-деді Ж.Жәмиев.

Концерттік бағдарламада ән айтылып, күй тартылумен қатар, ата дәстүр ұлықталып, түрлі спорттық ойындардан жарыстар өтті. Ұлттық киімдегі қыз-жігіттер мерекені тамашалауға келген көпшілікке наурыз көже мен тәтті тоқаштар ұсынды.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button