Әділетті Қазақстан құруда белсенді еңбек ету керек
Қоғамымызды елеңдеткен, бұрынғыдан өзгерек сипат алған бұл сайлау да өз мәресіне жетті.
Өзгерекітігі сол — партиялық тізімнен бөлек, мұнда можаритарлық жүйе арқылы өзін депутаттыққа лайықтымын деген қазақстандық бірмандаттық округтен өз-өзін ұсынды. Атыраудың өзінен мәжіліс, облыстық, қалалық мәслихатқа үміткер ретінде тіркелгендер саны 400-ден асты. Олардың қай-қайсысының да үгіт-насихат жұмысы өз дәрежесінде насихатталды. Сайлау, шыны керек тартысты өтті. Солай болу керек те.
Бәсеке бар жерде даму бар. Демек, біздің мемлекет даму үстінде. Сайлау қорытындысы арқылы да халықтың нағыз сенім артқан адамдарының өткені де біздің қоғамдағы демократия көрінісі дер едім. Әрине, әртүрлі пікір бар. Алып-қашпа әңгіме де, сенімсіздік те көп. Ол — заңды. Тағы да айтам, бұл, қарама-қайшылық — алға жылжудың, өсудің баспалдағы. Біздің мемлекет барлық пікірмен санасып, қателіктің алдын алады, сол арқылы елдің ертеңін жасайды деп сенемін.
Сондықтан да, осы сайлаудың нәтижесі бойынша депутат болған әр азамат ел сенімін ақтап, Әділетті Қазақстан құруда белсенді еңбек етеді деп үміттенемін. Өйткені, олардың көбі кешегі күні қарапайым халық арасында жүріп, өзекті мәселені көзбен көрген, оның шешілу жолдарын білетін білімді де білікті, іскер де шыншыл, өз айтарлары бар азаматтар! Бәріне сәттілік тілеп, бірлесе еңбек етуге шақырамын.
Айжан Қарабаева, Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат