62 жылдан бері саяси науқанның куәгері
Миялы ауылындағы №143 сайлау учаскесіне келіп, алғаш дауыс берушілердің қатарында 62 жылдан бері отбасымен саяси науқаннан қалыс қалмай келе жатқан Мыңбай Жарылғаған мен Кербез Нұргелді де бар.
– Мен 1956 жылдан бері дауыс беруге қатысып келемін. Содан бері талай сайлауға қатыстық. Алайда, бұл сайлаудың орны ерекше және өте маңызды. Бұл – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің жүзеге асқан күні. Себебі, халықтың өзі әкімін өздері дауыс беру арқылы сайлай алатын дәрежеге жетті. Мұны демократияның жарқын көрінісі деп есептеймін. Конституциялық құқығымды пайдалана отырып өзім таңдаған үміткерге еліміздің еңсесі биік, қадамы нық болуы үшін дауыс бердім. Ең алдымен қазақтың ынтымағы мен бірлігі жарасуын тілеймін. Күлтегін бабамыз, бек пен қараның арасында ынтымақтастық болмаған жерде жаудың айтқанына көніп, арбауына сенген, аға мен інінің дауласқан жерінде ел тәуелсіздігін сақтау өте қиынға соғады,- дейді Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Мыңбай Жарылғаған.
Сайлау учаскесінде 4 байқаушы қатысып отыр.
Алмас ҚАБДОЛОВ