Сайлау

№40 САЙЛАУ УЧЕСКЕСІНДЕ ДАУЫС БЕРУШІЛЕРДІ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН ҚАРСЫ АЛУДА

Атырау қаласындағы №40 сайлау учаскесіне келушілерді ұлттық киіммен қарсы алуда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Атырау Ақпарат» ЖШС күзет бөлімінде күзетші болып жұмыс істейтін Қанат Шаханов Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған сайлауда дауыс берушілерге ұлттық киіммен қызмет көрсетуде. Сонымен қатар елу екі жастағы азамат аталған саулау учаскесінде өз таңдауын жасады. Ол «дауыс беру – ел азаматы ретінде басты міндетім әрі парызым» деп есептейді. Ал аталған учаскеде алғаш болып қала тұрғыны Анеля Зинуллина өз таңдауын жасаған. Айта кетейік, жоспар бойынша №40 сайлау учаскесіне 2 280 адам дауыс береді деп күтілуде.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button