Атырауда қоғамдық бірлестік өкілдері сайлаудың қалай өтіп жатқанын айтты

whatsapp image 2021 07 25 at 13.23.28 Саясат

«Партиялық емес байқау орталығы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы жетекшісі Дәурен Сейітқалиев журналистерге берген арнайы сұхбатында сайлау учаскелерінде заңсыздық тіркелмегінін айтты, – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша 36 сайлау учаскесі бар. Оларда 150-ге жуық байқаушы жұмыс атқаруда. Олар – таңертеңгі сағат 6.00-дан бастап, сайлау учаскелерінде. Заң бұзушылық байқалған жоқ. Санитарлық нормаларға сәйкес жұмыстар жүруде» деген ол округ тұрғындарының саяси науқанға қатынасу белсенділігі жоғары екенін атап өтті.
«Біздің негізгі мақсатымыз – сайлаудың заңды, әділ өтуін қадағалау. Тұрғындар да жоғары қызығушылық танытып, белсенді қатынасуда. Ауыл әкімін сайлауға әр тұрғынның арнайы келіп, өз таңдауын жасауы – өңірдің өркендеуіне қосқан үлесі» – деді Дәурен Нұхұлы.

Айта кетейік, бүгін бүкіл Қазақстан бойынша оның ішінде Атырау облысында,аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау басталды.
Біздің облыста бүгін 6 ауданда және Атырау қаласында 18 ауылдық округ әкімдері сайланады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз