Құжаттарға қолжетімділік артады

arhiv Рухани жаңғыру

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихи сананы жаңғырту жұмыстарына баса назар аударылып отыр. Ал, «Архив-2025» бағдарламасы отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне зерттеулер жүргізуді қажет етеді. Осы орайда қалалық мемлекеттік архив «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында құжаттарды жинақтау, саралау және зерттеу жұмыстарына қол жеткізді.

arhiv

«Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет» делінген мақалада. Жалпы, «Электрондық архив» бағдарламасының жүзеге асуы құжаттардың сақталуын қамтамасыз етіп, ізденуші зерттеушілерге архив деректерінен құнды мәлімет табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, құжаттың цифрлық көшірмесінің сақталуына және зерттеушілер мен ізденушілердің санының ұлғаюына өз септігін тигізеді. Мұндай ауқымды бағдарламалар жаһандық сипаты мен маңызын жоймайды. Өйткені, бұл ұлттық сананың сілкінуіне әсер етеді.

Өйткені, архив – Мәңгілік елдің рухани мұрасын дамытатын, сақтайтын және насихаттайтын ақпараттық орта.

Жаңылсын ӘЛПИЯРОВА,

Атырау қаласы мемлекеттік архивінің басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз