КОЛЛЕДЖДЕ ОҚЫП ЖҮР…

Біздің ұл-қызымыз Атырау қаласындағы жекеменшік бизнес және құқық колледжінде оқуда. Ауылдарымыз аталған білім ордасынан әлдеқайда шалғай жатқандықтан біз оқу орны басшысы Нұрлы Тельманқызымен телефон арқылы сөйлесіп, екі-үш айда бір хабарласып тұрамыз. Сондағы байқағанымыз - басшының мәдениетті, сабырлы, салмақтылығы. Ол кісінің сөзінен балаға дұрыс тәрбие беруді бірінші кезекке қоятын білікті педагог екендігі бірден аңғарылады. 

Біз колледжге келген сайын балаларымыздың сабағына қатысып, олардың оқытушыларымен ашық сөйлесеміз. «Балаларға ата-аналар тарапынан қандай көмек керек?», «Қайтсек олардың білімін жақсартамыз?», «Оқу ақысын бөліп төлеуге бола ма?» дегендей сауалдарымыз да аяқсыз қалмайды.
Колледж студенттеріне дәріс беріп жүрген ұстаздар – Елена Ермекқалиқызы, Лесбай Үсен, Светлана Құбашева, Айымгүл Имашева, Ләззат Жүнісқалиева және басқаларының балаларымызға деген қамқорлығына шексіз риза боламыз. «Жекеменшік» деген атауы болмаса, бұл колледжден талай жас сапалы білім алып, үлкен өмірге қадам басты. Сол үшін де біз педагогикалық ұжымға шығармашылық табыс тілейміз.

Н.САҒЫНҒАЛИЕВА,
Құлсары қаласы,
Д.МИРАСОВА,
Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз