Ресми құжаттар
«Атырау-Ақпарат»ЖШС-нда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау қорытындысы бойынша 2018 жылдың 22 маусымындағы жай-күйі
туралы талдамалық анықтама
«Атырау-Ақпарат»ЖШС директорының 2017 жылғы 22 маусымдағы №101 бұйрығына сәйкес серіктестіктің қызметіне 2018 жылдың 1 қаңтары мен 22 маусымы аралығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 22 маусым күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама жұмыс тобымен жасақталды:
- Сабитов Рауан Сабитович – директордың орынбасары;
- Нусупова Алмагуль Болатхановна – заңгер;
- Кенжиева Жанат Каспийевна – бас есепші;
- Ишангалиева Калима Магзомовна – кадр мәселелері жөніндегі инспектор.
«Серіктестіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:
- Серіктестіктің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер
бойынша құқық бұзушылық туралы ақпарат болмады;
- Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша серіктестік қызметкерлері-
нің қызметтері толықтай қаралды;
- Бұқаралық ақпарат құралдарында серіктестіктің және оған қарасты
мекеме қызметкерлерінің Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен
аралықта серіктестікке заңды және жеке тұлғалар тарапынан арыз-шағымдар түскен жоқ;
- Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;
- Серіктестік қызметкерлері атынан сыбайлас жемқорлық мәселелері
бойынша тәртіп бұзушылықтар орын алған жоқ.
Қорытынды және ұсыныстар:
- Серіктестіктің облыстық, аудандық газеттері мен веб-сайттарында үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы материалдарды тұрақты түрде жариялау.
Жұмыс тобы: __________________ Р.С.Сабитов
_____________________А.Б.Нусупова ____________________Ж.К.Кенжиева
_________________К.М.Ишангалиева
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелген лауазымды тұлға:
_________________________Б.М.Абдешев