Жас отбасының тарихи таңдауы
Атыраулық Мирас Дарханұлы мен Гүлден Қапизова үшін биылғы жыл ерекше. Шаңырақ көтергендеріне бір жыл болған олар қазір Ибраһим атты ұлын тәрбиелеп отыр. Жас отбасы елдегі саяси науқанға айрықша маңыз беріп, бүгін азаматтық борыштарын орындауға ерекше көңіл бөліпті. Дархановтар отбасы №35 Хамит Ерғалиев атындағы орта мектепте орналасқан №26 референдум учаскесінде тіркелген.
Отағасы Мирас Дарханұлы бұл сәтті отбасы үшін тарихи маңызды деп санайды.
– Жас отбасы ретінде елдің ертеңіне бей-жай қарай алмаймыз. Сондықтан осындай маңызды сәтте отбасымызбен келіп, өз таңдауымызды жасауды жөн санадық. Меніңше, әрбір азамат пен отбасы елдегі маңызды шешімдерге белсенді қатысса, болашағымыз жарқын болмақ, – деді Мирас.
Жас отбасының ел болашағына деген сенімі мен сайлаушылардың белсенділігі елдің ертеңіне деген үлкен үміттің айқын көрінісі іспеттес.
Жайна МӘЛІМҚОЖА