Референдум
Зауыттықтар өз таңдауларын жасауда
Саяси маңызды науқанға Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері де белсенді қатысып жатыр. Таңмен таласып дауыс беру учаскелеріне асыққандардың қатарында бас директор Ғалымжан Жусанбаев та бар.
Хош иісті көмірсутектер өндірісінің операторы Ахат Кайыргелдинов ел болашағына қатысты тарихи оқиғадан қалыс қалмай, алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
«Мемлекет келешегіне жауапкершілікпен қарау — әрбір қазақстандықтың парызы деп білемін. Елімнің келешегіне бей-жай қарамаймын» дейді жас маман.
Айбөпе САБЫРОВА