Учаскедегі үрдіс те ерекше
Атырау қаласындағы Д.Байбосынов атындағы №13-ші орта мектепте орналасқан №36 референдум учаскесінде дауыс беру уақытында басталды. Бұл учаскеде 2 500-ге жуық дауыс беруші тізіміне енгізілген.
Мұнда ең бірінші болып 43 жастағы қала тұрғыны Сағынғали Шантаев есімді азамат өзінің таңдауын жасады. Учаскелік референдум комиссиясының хатшысы Гүлайым Хамитованың сөзінше, бастапқы бір сағатта мұнда 30-ға тарта дауыс беруші өз еркін білдіріп, таңдауын жасаған. Сондай-ақ, осы учаскелердегі референдумның өту барысын ,,Дауыс», ,,Азат қоғам» қоғамдық қорынан, ,,Атырау облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінен, ,,АMANAT» партиясы облыстық филиалынан, басқа да қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардан байқаушылар қатысып, бақылауда.
Дәулетқали АРУЕВ