Талғайраңда референдум учаскесі жұмысын бастады
Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Талқайраң ауылындағы Талғайраң негізгі мектебінің ғимаратында орналасқан №77 референдум учаскесінде сағат 7:00-де гимн шырқалып, комиссия жұмысы сәтті басталды.
Учаскелік референдум комиссиясының төрайымы Бағытгүл Төребектің айтуынша, бюллетеньдер саналып, жәшіктер пломбаланған.
-Ауылда барлығы 980 дауыс беруші тіркелген. Референдум учаскесінде 2 байқаушы қатысып отыр. Комиссияның 7 мүшесі белсенді жұмыс істеуде. Дауыс берушілер өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын алып келулері қажет. Өздеріңіз байқағандай, учаскеде дауыс беруші тұрғындардың саны көбейіп жатыр, – деді комиссия төрайымы.
Дауыс беруге ертемен келіп, таңдауын жасағандардың бірі ауылдың байырғы тұрғыны Әлім Әміров болды. Ол елдің болашағы үшін дауыс бергендігін айтты.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ
Суреттер автордікі