Жарнама
Референдум

Студенттер референдумға қатысуға ниетті

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Мұнай және кен өндіру, Мұнай өңдеу және тасымалдау, биология, химия, энергетика мамандықтары студенттерінің қатысуымен жалпыұлттық референдумдағы маңызды мәселелердің бірі — Атом электр стансасын салуға қатысты дәріс өтті. Аталған дәрісте АЭС маңызы, қауіпсіздігі, электр қуатының еліміздегі экономикаға берер пайдасы туралы сөз қозғалды.

«Дамыған елдердің қатарына қосылу үшін уран өндірудің тәсілдерін білу бізге маңызды», — деп топшылады студенттер.
«АЭС қай жерлерде салынады?», «Сулы жерлерде орналасуы міндетті ме?», «Уран қалдықтарының табиғатқа зияны қаншалықты?» деген сұрақтарды болашақ мұнай өндіру саласының мамандары ортаға салды.
Қорытындылай келе, референдумға қатысуға ниетті студенттердің бар екеніне көз жеткіздік.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button