Жарнама
Референдум

Сайлауға қатысу – зор жауапкершілік

Атырау қаласындағы №38 мектеп-лицейінде орналасқан референдум учаскесінде гимн орындалып, саяси науқан салтанатты түрде ашылды. Дауыс берушілер белсенділік танытып, маңызды оқиғаға атсалысып жатыр. Олардың қатарында алғаш болып дауыс берген көпбалалы отбасы Абзал Теміров пен Рысханым Хамеденова да бар.

–Елдегі саяси науқанға өз үлесімізді қосу – азаматтық борышымыз. Саяси өзгерістерді үнемі бақылап отырамын. Себебі, елдің дамуы болашақ ұрпақтың өмірін жарқын етері сөзсіз. Референдумға келгендегі мақсатым да сол жарқын болашақты қалыптастыруға үлес қосу еді. Осылайша үйдегі төрт балама жол көрсетіп, үлгі болуымыз да қажет,-деді Абзал Теміров.

№257 референдум учаскесінің төрағасы Кенжеәлі Есенбаевтан білгеніміздей, бұл учаскеге 2615 адам тіркелсе, 8 тұрғын мүгедектігіне қарамай, учаскеге аяқтай келіп, дауыс берген.
Айта кетейік, бір сағаттың ішінде аталған учаске бойынша 23 тұрғын өз дауыстарын беріп үлгерген.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button