Жарнама
Референдум

Референдум: Учаскелер дауыс беруге дайын

Республикалық референдумға байланысты облыста барлық дауыс беру учаскесі толық дайын. Соның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға да барлық жағдай жасалды.

Учаскелер тактильдік белгілермен жабдықталған, көру қабілеті нашар азаматтар үшін арнайы аудионұсқаларды тыңдауға мүмкіндік беріліп, бюллетеньді өздігінен толтыруға арналған трафареттер әзірленген.
– Облыста 94 инватакси қызметі ұйымдастырылып, әлеуметтік қорғау органдары арқылы 15 сурдоаудармашы тартылуы жоспарланды. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтардың да дауыс беруі үшін шаралар қабылданды, бұл жұмыстарға 38 учаскелік комиссия жұмылдырылды, — деді Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы А.Айманакумов.
Азаматтардың тіркеу орнын тексеру және референдум учаскелерінің мекенжайлары бойынша ақпарат алу үшін 2 онлайн-сервис іске қосылған.
Айта кету керек, референдумға дайындық жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылуда, бұл азаматтардың дауыс беру процесін жеңілдетуге және қолжетімді етуге бағытталған.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button