Жарнама
Референдум

Қазақстанда дауыс беру аяқталды

Қазақстанда АЭС бойынша референдум учаскелері жұмысын аяқтады,- деп хабарлайды Zakon.kz. 

Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумға жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де дауыс беру басталған болатын.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі дауыс беру бюллетенінде «Сіз Қазақстанда атом электр стансасының салынуымен келісесіз бе?» деген сұрақ бар. Ал сайлаушының жауап нұсқалары: «Иә, келісемін» және «Жоқ, келіспеймін».

Сайлаушы кез келген белгіні өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға қояды.

Дауыс беру тізіміне 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген.

6 қазан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56%-ы бюллетень алды.

Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды, 7358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын берді (дауыс беруге 59,79 % қатысты).

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button