Жарнама
Референдум

Ел үшін маңызды оқиға

Облыс орталығындағы №38 референдум учаскесіне ерте келіп дауыс бергендердің қарасы көп. Солардың бірі — зейнеткер Александр Гаврилов. Бұл учаске қаланың Ш.Уәлиханов 89а мекенжайында орналасқан.

№38 референдум учаскесінің төрағасы Ләззат Өтеуғалидің айтуынша, учаске өз жұмысын сағат 7.00-де бастаған.
— Референдум учаскесі өз жұмысын Мемлекеттік Гимнмен бастады. Таңғы сағат 7.00-де өз таңдауын жасауға учаскеге 20-ға жуық адам келді. Солардың бірі — 1954 жылы туған Александр Гаврилов. Ерте келіп, елдік іске араласқан жандарға шағын сыйлықтар дайындап, ұсындық. Тұрғындардың белсенділігі жоғары. Дауыс беруге келіп жатқан жастарымыз да жетерлік — деді Ләззат Қайыржанқызы.
Бұл учаскеге 2687 адам тіркелген, төртеуі денсаулығына байланысты үйден дауыс береді. Учаскеге жауапты тұлғалар сағат 11.00-де шағын бюллетень жәшігін алып, тапсырыс қалдырушылардың мекенжайына баратын болады.
Рита Жайғалиқызы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button